Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2010 жылғы 1 қарашадан бастап осы Жарлықтың 5-тармағында (құпия) көрсетілген органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының:
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдарының (соттардың кеңселері);
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының;
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың;
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтың бөлімшелерінің;
орталық атқарушы органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің;
жергілікті атқарушы органдардың;
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының;
сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық және оларға теңестірілген соттары судьяларының штат санының лимиттері 15 пайызға қысқартылсын.
2. Осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар:
1) 2010 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерге хабарлау мен штат санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізсін;
2) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдар басшыларының осы Жарлықта көзделген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы дербес шешім қабылдауға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мен Ұлттық Банкі сметасының (бюджетінің) штат санына қысқарту туралы олар қабылдаған шешімдердің нәтижесінде босаған қаражатын пайдалануға құқығы бар деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 320-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат, 2010 ж., № 27, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты» деген жолдағы «437» деген цифрлар «371» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» деген жолдағы «139» деген цифрлар «118» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты» деген жолдағы «30» деген цифрлар «25» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты» деген жолдағы «101» деген цифрлар «86» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» деген жолдағы «39» деген цифрлар «33» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген жолдағы «6563» деген цифрлар «5579» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (соттардың кеңселері)» деген жолдағы «6357» деген цифрлар «5403» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі 31» деген жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» деген жолдағы «253» деген цифрлар «215» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«соның ішінде аумақтық органдар» деген жолдағы «204» деген цифрлар «173» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» деген жолдағы «14» деген цифрлар «12» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдағы «100» деген цифрлар «85» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы» деген жолдағы «6281» деген цифрлар «5338» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Бас прокуратура» деген жолдағы «338» деген цифрлар «287» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Прокуратура органдары» деген жолдағы «5171» деген цифрлар «4395» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» деген жолдағы «118» деген цифрлар «100» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары» деген жолдағы «654» деген цифрлар «556» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
«Облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары» деген жолдағы «574» деген цифрлар «488» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары» деген жолдағы «1945» деген цифрлар «1653» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары» деген жолдағы «3970» деген цифрлар «3375» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«қаржы полициясының аумақтық органдары» деген жолдағы «3447» деген цифрлар «2852» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат;):
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
«Орталық органның аппараты» деген жолдағы «62» деген цифрлар «53» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Республикалық ұланның госпиталі» деген жолдағы «54» деген цифрлар «46» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолдағы «1750» деген цифрлар «1733» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2006 ж., № 2, 10-құжат; № 17, 156-құжат; 2007 ж., № 15, 171-құжат, 2008 ж., № 19, 168-құжат):
3-тармақтағы «490» деген цифрлар «416» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат, 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат, № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат):
2-тармақтағы «3580» деген цифрлар «3043» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 98-құжат):
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшада:
«осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасына» деген сөздер «бекітілген штат санының лимиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын,
«2008» деген цифрлар «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) (құпия);
7) (құпия);
8) (өте құпия).
5. (құпия).
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
7. Осы Жарлық, 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев