Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беру және оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөніндегі функцияларды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      2) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы сот әкімшілері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін таратсын;

      2) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетін құрсын;

      3) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж, № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат, № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты 164" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы 6563

      Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан

      Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:

      облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар

      қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері) 6357";

      жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 3-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат санының лимиті алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары" деген жолдағы "3945" деген цифрлар "3970" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)" деген жолдағы "338" деген цифрлар "363" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      3) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж. № 58, 559-құжат; 2002 ж. № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат, № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат):

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғары Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары" деген жолдағы ", Қазақстан Республикасының Жоғары Соты аппараттарының басшылары" деген сөздер "аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы

Президент

Жоғарғы Сот Төрағасы

Әкімшілік Басшысы


      ",

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасарлары

Комитет төрағасы


Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы


      ",

      "

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың сот әкімшілері

Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары


      "

      деген жолдар алып тасталсын;

      мына:

      "

Холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялардың, басқарма төрағалары

директорлар кеңесі

Премьер-Министр

Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы


      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

Жоғарғы Сот Төрағасы


Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары

Жоғарғы Сот Төрағасы


Әкімшілік Басшысы


      ",

      "

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары

Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы


      ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      "Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де басшы қызметкерлердің лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу" деген 3-бөлімде:

      21-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары.";

      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;

      6) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., 12, 69-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімде:

      "В санаттарының тобы" деген бөлімнің тақырыбында:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "С санаттарының тобы" деген бөлімнін тақырыбында:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті" деген сөздер алып тасталсын;

      7) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж. № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 2007-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      32-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы "Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      5. (Құпия).

      6. (Қызмет бабында пайдалану үшін).

      7. Мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы;

      2) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат);

      4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығы;

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің сот әкімшілігі мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 387 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 330-құжат);

      6) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 970 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 205-құжат).

      9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1066 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі комитетінің облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қаладағы қайта ұйымдастырылатын
сот әкімшілері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақмола облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Алматы облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Атырау облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Жамбыл облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Қарағанды облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Қостанай облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Астана қаласы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1066 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары
(сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облыстық сотының кеңсесі.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі.

      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облыстық сотының кеңсесі.

      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облыстық сотының кеңсесі.

      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі.

      6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облыстық сотының кеңсесі.

      7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі.

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі.

      9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облыстық сотының кеңсесі.

      10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облыстық сотының кеңсесі.

      11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі.

      12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облыстық сотының кеңсесі.

      13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі.

      14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі.

      15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Астана қалалық сотының кеңсесі.

      16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Алматы қалалық сотының кеңсесі.