Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 828 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 260-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде:
1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілері мен тапсырмаларын олардың орындалу мерзімдерін осы Жарлыққа сәйкес қайта қарап түгендеуді жүргізсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):
1) Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.1-1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) шешімдерінде қамтылған, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) құрылымдық бөлімшелері орындаушылары болып табылатын немесе іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын тапсырмаларға қолданылады.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды ресімдеу, келісу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібінің осы Қағидаларда реттелмеген мәселелері Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде регламенттеледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын тікелей бақылау тиісінше Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына және Ассамблеяның Хатшылығына жүктеледі.
Ескерту. Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.2. Осы Қағидалардың мақсаты:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, тапсырмаларының және жолдауының жобаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея тапсырмаларының жобаларын сапалы дайындауды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, тапсырмаларын және жолдауын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды толық және уақтылы орындауды қамтамасыз етуі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау кезінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың және мемлекеттің лауазымды адамдарының келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуына өзара жауапкершілігін белгілеу болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.2-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) түріндегі жалғыз құрылтайшыға жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.
Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдері;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары; Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылау – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңдік бақылау іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жиынтығы;
3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы – Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту – актінің/тапсырманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тапсырманың әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін, аяқталу нысанын, жауапты орындаушыларды және қажет болған кезде орындалуының түпкілікті нәтижесін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау – актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған мақсаттар мен міндеттерге, актінің немесе тапсырманың түпкілікті нәтижесіне және/немесе аяқталу нысанына толық және сапалы қол жеткізу және оларды орындау;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін ұзарту – бастапқы белгіленген орындау мерзімі өткен соң, оның ішінде аяқталу нысаны немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу бойынша орындалмаған, орындауды аяқтау мүмкін болмаған немесе толық, сапалы орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген өзге де уәкілетті адамдардың актінің/тапсырманың тармағын орындаудың келесі мерзімін айқындау жөніндегі шешімі;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды сапасыз орындау – орындау сапасына кінәраттардың болуы, оның ішінде формалды орындау, орындаушылардың келісілмеген және пысықталмаған ұсыныстар мен тұжырымдарды енгізуі, бұрын Президент Әкімшілігі берген ескертпелердің жойылмауы. Сапасыз орындау туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде қамтылады;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды ішінара орындау – жоспарланған барлық іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде аяқталмауы, есептік ақпаратты толық ұсынбау, актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған міндеттердің толық орындалуын, сондай-ақ жоспарланған мақсаттарға, нәтижелерге және аяқталу нысанына толық қол жеткізуді қамтамасыз етпеу. Актінің немесе тапсырманың ішінара орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында (орындауды бағалауында), Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органның есептік ақпаратында қамтылады;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша есептік ақпарат – жауапты орындаушы актінің/тапсырманың орындалу барысы және нәтижелері туралы хабар беру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша дайындаған құжат;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің бақылаудағы актісіне немесе тапсырмасына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға сараптамалық қорытынды – тапсырманың толық және сапалы орындалуын, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді/ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың объективтілігін бағалау үшін Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындаған құжат. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі сараптамалық қорытындысының құрылымына қойылатын талаптар Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде белгіленеді;
11) орындаудың түпкілікті нәтижесі – іс-қимылдардың, оқиғалардың күтілетін сандық және/немесе сапалық көрсеткіші. Түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады;
12) қосарланатын тапсырма – мазмұны (мағыналық мәні) немесе түпкілікті нәтижесі бақылауда тұрған актіні немесе тапсырманы толығымен қамтитын тапсырма;
13) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары және ұлттық жобалар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.1-1. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу
Ескерту. Қағидалар 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
3-1. Жыл сайын қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауын арнайды.
Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.3-2. Жыл сайын мамырда Үкімет және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне жібереді.
Ескерту. 3-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.3-3. Президент Әкімшілігі жолдау жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша түпкілікті ұсыныстарды қалыптастырады, олар Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.
Ескерту. 3-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.3-4. Президент Әкімшілігі 20 тамызға дейін жолдау жобасын Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
Ескерту. 3-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.3-5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
3-6. Алып тасталды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
3-7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
3-8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
3-9. Қазақстан Республикасының Президенті жолдауының жобасын дайындауда өзгеше тәртіп және оны дайындау мерзімдері белгіленуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын
дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын дайындауды:
1) Президент Әкімшілігі;
2) Үкімет;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;
5) Алып тасталды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.6) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;
7) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.4-1. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасы қағаздағы және электрондық түрде дайындалады. Егер акт екі және одан көп парақтан тұрса, жобаның қағаздағы нұсқасына Президент Әкімшілігінің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі бірінші парақтан басқа, әрбір парағына қол қояды.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және жауапты лауазымды адамдарымен қағаздағы және электрондық түрде келісіледі.
Президент Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын өзге де лауазымды адамдармен келісу қажет болған жағдайда, мұндай келісу қағаздағы түрінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 29.04.2019 № 35 Жарлығымен.5. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар құзыретіне сәйкес өз бастамашылығы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
6. Үкімет, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар дайындаған, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің тиісті бланктердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулысымен енгізіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына Премьер-Министр қағаздағы және электрондық түріне виза қояды.
Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның басшысымен – қағаздағы және электрондық түрде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.8. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің тиісті бланктердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары Президент Әкімшілігіне осы органдардың бірінші басшылары қол қойған хаттармен енгізіледі.
9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобаларына, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы виза қоятын судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және қажет болған кезде Премьер-Министр қағаздағы және электрондық түріне виза қояды.
Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.10. Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына және оған қосымшаларға жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы, егер акт жобасы екі және одан да көп парақтан тұрса, акт жобасының бірінші парағын қоспағанда, әр парағына алдын ала қол қояды.
11. Енгізіліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына:
1) үш парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша - бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба қоса беріледі, онда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, актіні қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, Қазақстан Республикасы Президентінің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілерінің тізбесі мен олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады.
Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына түсіндірме жазбаға - Премьер-Министр, ал Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар енгізетін түсіндірме жазбаға әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды;
2) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;
3) егер акт Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасының Президенті актісінің қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі;
4) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған келісу парағы;
5) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасымен белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген, қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;
6) акт жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы болған жағдайда, оған осы міндеттердің жүктелгені туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі:
7) өзге қажетті материалдар қоса беріледі.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталып енгізілетін актісінің жобасына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының визалары бар, бұрын Үкіметке енгізілген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қоса беруге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.13. Жобалар (оның ішінде электрондық түрде) Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - БЭҚАЖ) арқылы беріледі.
14. Алып тасталды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің өкілеттігін қозғайтын актілері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін актілерінің жобалары, сондай-ақ Үкіметтің бастамашылығымен дайындалатын актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қойған қолымен бекітіледі;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттігін қозғайтын актілері осы мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі.
16. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкестігі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігі;
3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге олардың орындалуының ықпалы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның, Президент Әкімшілігінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға сәйкестігі;
5) ұсынылатын актіні қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларын айқындау;
6) барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі;
7) заң техникасы мен іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі;
8) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі;
9) осы Ереженің өзге де талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402; 29.04.2019 № 35; 20.12.2020 № 473; 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.17. Судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату мәселелері жөніндегі актілерді қоспағанда, Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына сараптама, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы өзге мерзім белгілемесе, келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына сараптама нәтижелері Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің сараптама қорытындылары түрінде ресімделеді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы бойынша қарсылықтар болмаған жағдайда Президент Әкімшілігінің бірлесіп орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылар дайындауы талап етілмейді, олардың сараптамаларының нәтижелері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрыштама қоюы арқылы ресімделеді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.18. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының аумақтық даму жоспарын, доктриналарды (стратегияларды) және тұжырымдамаларды бекіту туралы актілерінің жобаларын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.19. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобасында жұмыс барысында жойылатын кемшіліктер анықталған немесе ол бойынша қарсылықтар болған жағдайда, онда Президент Әкімшілігі Басшысының, оның тиісті орынбасарының немесе Президент көмекшісінің шешімі бойынша жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Президент Әкімшілігінде пысықталуы мүмкін.
Бұл ретте кемшіліктерді немесе қарсылықтарды жою және акт жобасын Президент Әкімшілігінде қайтадан келісу, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның тиісті орынбасары немесе Президент көмекшісі өзге мерзім белгілемесе, бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы пысықталған соң, егер өзгеше мерзім белгіленбесе, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Президент Әкімшілігіне қағаздағы және электрондық түрінде қайта енгізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.04.2019 № 35; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.20. Егер жоба бойынша кемшіліктер немесе қарсылықтар елеулі болса және оларды Президент Әкімшілігінде қарау барысында жою мүмкін болмаса, онда Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша актінің жобасын енгізген мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасы пысықталғаннан кейін Премьер-Министрдің ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік органның хатымен, егер өзге мерзімдер белгіленбесе, он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне қайтадан енгізіледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің - ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.21. Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізілетін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, міндеттерінің бөлуіне сәйкес Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері бұрыштама соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бұрыштама соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Президент Әкімшілігінің Басшысы оны Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына ұсынады.
21-1. Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізілетін актінің жобасына қажеттігіне қарай осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын Қазақстан Республикасының Президенті актісінің немесе тапсырмасының орындалуын бақылауды бекіту қоса беріледі.
Ескерту. Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 29.04.2019 № 35 Жарлығымен.22. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жариялау "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.06.2016 N 275 Жарлығымен.23. Президент актілері қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберіледі.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.24. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін ресімдеу (оның ішінде заң техникасы, деректемелер, ішкі құрылымы бөлігінде), оларды тіркеу, тарату, жариялау және сақтау тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.
25. Актілердің жобаларын дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті оларды дайындаудың, келісудің және қол қоюға ұсынудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
26. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау:
1) өңірлік сапарларды;
2) халықаралық іс-шараларды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды, сондай-ақ Ассамблеяның сессияларын;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемелерін (үндеулерін);
5) жұмыс кеңестерін;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырыстарын;
7) Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге органдардың отырыстарын ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Егер өңірлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесі өткізілмесе, онда ол айтқан тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын тапсырмалар мәтіні түрінде ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама не Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің) қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.
Хаттамаларға, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамаларға, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша ресімделетін тапсырмалардың мәтіндеріне осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырмаларды іске асыру бойынша бақылауды бекіту және 1-6-қосымшаға сәйкес "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" деген мөртабанмен куәландырылған Президент Әкімшілігіндегі электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.
Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары (тапсырмалар жобалары) осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.27. Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін өңірлік сапарларды, қоғамдық маңызды іс-шараларды және кеңестерді дайындау тәртібін Президент Әкімшілігі белгілейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды дайындау ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
28. Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея тапсырмаларының жобаларын дайындау кезінде көтерілетін мәселелердің пысықталуы және:
1) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін;
2) нәтижелілігі мен тиімділігін;
3) орындалу мерзімдерінің шынайылығын;
4) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, барлық мүдделі органдармен келісілуі ескеріледі.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.29. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісіледі. Бұл ретте Үкіметтің құзыретін қозғайтын тапсырмалардың жобалары – Премьер-Министрмен, ал қаржыландыруды талап ететін актілердің жобалары бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.30. Мемлекеттік органдар алдағы болатын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін іс-шаралар, Ассамблея сессиялары шеңберінде:
1) жергілікті атқарушы органдар – өңірлік сапарлар бойынша;
2) орталық мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, Ассамблея сессиялары, жұмыс кеңестері, Үкіметтің кеңейтілген отырыстары, Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың отырыстары бойынша тапсырмалардың жобаларына ұсыныстарды немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, оның орынбасарының, Президент көмекшісінің шешімі бойынша тапсырмалардың жобаларын Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда ұсынуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар алдағы болатын Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары шеңберінде тапсырмалардың жобаларына ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты белгілеген мерзімдерде ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.31. Егер Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея тапсырмаларының жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, онда Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі Президент Әкімшілігі Басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісім бойынша тапсырмалардың жобаларын жұмыс тәртібімен пысықтауы мүмкін.
Бұл ретте, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның тиісті орынбасары өзгеше мерзім белгілемесе, кемшіліктерді немесе қарсылықтарды жою және қажеттілігіне қарай тапсырма жобаларын қайтадан келісу бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.32. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар немесе Ассамблеяның сессиясы өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының немесе Ассамблея тапсырмаларының жобасын Президент Әкімшілігінің Басшысына ұсынады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен іс-шарадан (халықаралық іс-шаралардан басқа) немесе Ассамблеяның сессиясынан кейін (жұмыс сапары аяқталған күннен бастап) үш жұмыс күні ішінде тапсырмалардың жобаларын әзірлейді немесе Президент Әкімшілігіне бұрын енгізілген тапсырмалардың жобаларын жаңалайды.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының немесе Ассамблея тапсырмаларының әзірленген жобасын келісуді және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шара немесе Ассамблеяның сессиясы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қағаздағы және электрондық түрінде Президент Әкімшілігіне енгізуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Халықаралық іс-шаралар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Президент Әкімшілігі айқындайды.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын, Ассамблея тапсырмаларының жобасын келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, оның ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкестігі, тапсырмаларды орындаудың Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын берген тапсырмаларына қосарлануын болдырмау тұрғысынан қарауды және келісуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмалардың жобасын жауапты және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік жасайтын Президент Әкімшілігінің орынбасарларымен, Президент көмекшілерімен және Президент Кеңсесі бастығымен, жауапты және мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, Мемлекеттік-құқықтық бөлімімен және Жалпы бөліммен келісу электрондық түрде жүзеге асырылады.
Тапсырмалардың жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысына виза қоюға және Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға қағаздағы және электрондық түрінде енгізіледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473; 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.35. Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті оларды дайындаудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру тәртібі
Ескерту. Қағидалар 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.
35-2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан кейін үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 35-2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.35-3. Орталық мемлекеттік органдардан жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
35-4. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын түзету бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
35-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан ұсыныстарды алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын Үкіметке ұсынады.
Ескерту. 35-5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.35-6. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін Үкімет бес жұмыс күні ішінде оны Президент Әкімшілігіне жібереді.
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды бекіту қоса беріледі.
Ескерту. 35-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.35-7. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
36. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды:
1) Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ келісім бойынша мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты – Президент Әкімшілігі;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ келісім бойынша мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты – Үкімет;
3) ведомстволық бағынысты ұйымдар мен лауазымды адамдарға қатысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Президент Әкімшілігі:
1) Ассамблеяның;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды осы Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.36-1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.
36-2. Алып тасталды – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.
37. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;
2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
5) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
6) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
7) Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.38. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) атқарылуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге нысандары;
4) жергілікті жерге барып тексеру жолымен;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат беру мерзімдерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарға қатысты тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселе қаралады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.39. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастыратын, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган аппаратының басшысы;
3) жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды осы ұйымдардың бірінші басшылары келісім бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын қоспағанда, көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.40. Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
41. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларда белгіленген орындау мерзімдері олардың мемлекеттік органға және ұйымға келіп түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.42. Атына тапсырма берілген және өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар отырыстан (кеңестен) кейін дереу, отырыс (кеңес) хаттамасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның қол қойылған тапсырмасы өздеріне түскенін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау осы актілер мен тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
Егер актінің/тапсырманың мәтінінің өзінде немесе тиісті қарарда орындау мерзімдері болмаған және құжатқа бақылауды бекіту жасалмаған жағдайларда, мерзімдер Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен айқындалады және бақылаудағы тапсырманың электрондық немесе қағаздағы карточкасында көрсетіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.44. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
44-1. Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Президент Әкімшілігі дайындайтын тапсырмалардың орындалуын бекітуге сәйкес орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын бекіту тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.
Ескерту. Қағидалар 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.45. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның актілері мен тапсырмалары белгіленген орындалу мерзімі ескеріле отырып, бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - "өте шұғыл" деген белгісі барлары үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бірден алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.46. Егер Президент Әкімшілігінен келіп түскен акті мен тапсырмада мәселені мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлесіп қарауы көзделетін болса, онда ақпаратты қорыту мен Президент Әкімшілігіне беру үшін акті мен тапсырмада бірінші немесе атауының жанында "(жинақтау)" белгісі тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы жауапты болып табылады.
46-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау өздерінің құзыреті шеңберінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолда барын өзгертуге бағытталған жағдайда, орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі.
Ескерту. Қағидалар 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.46-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімі айқындалып, сондай-ақ орындау нәтижелерінің мақсатты және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасау тәртібі қамтылады.
Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Президент Әкімшілігімен, сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттігіне қатысты болған жағдайда Премьер-Министрмен (не оның міндетін атқаратын адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.
Әзірлеушісі өзге, орталық немесе жергілікті атқарушы орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары Президент Әкімшілігімен келіскен соң бекітеді.
Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ғана қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Ескерту. Қағидалар 46-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.46-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда, мемлекеттік органдардың осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын бекітуі талап етілмейді.
Ескерту. Қағидалар 46-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.46-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртібін және оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.
Ескерту. Қағидалар 46-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.46-5. Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Қағидалардың 46-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.
Ескерту. 4-бөлім 46-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.47. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларының жоспары бекітіледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.47-1. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.
Ескерту. Қағидалар 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпаратты Үкіметке жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;
3) Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Президент Әкімшілігіне жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
4) Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндайды.
Ескерту. Қағидалар 47-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.48. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның тапсырмасында "өте шұғыл", "шұғыл" және "жылдамдатылсын" деген белгілер болса, онда Президент Әкімшілігі тез арада (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп атқарушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.49. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға):
1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандары туралы – тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" деген белгісі барлар туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қысқа мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.49-1. Осы Ереженің 39-тармағында көрсетілген бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың сапасыз орындалуына және уақтылы орындалмауына дербес жауапты болады.
Ескерту. Қағидалар 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.50. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы есептік ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.50-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.
Ескерту. Қағидалар 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.50-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес ұсынылады.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.03.2019 № 878 Жарлығымен.52. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқарушы адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлел келтіріп негіздей отырып хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.53. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық хабар беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.53-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері немесе тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша, егер:
1) тапсырма мазмұны бойынша орындалған, бірақ мәселе оның түпкілікті нәтижелігі мен тиімділігін бағалау, ұсынылған жаңа тәсілдерді енгізу үшін бақылауда қалдырылған;
2) бұрын берілген тапсырманы сапалы және жан-жақты іске асыру шеңберінде қосымша мәселелерді пысықтау қажеттігі туған;
3) тапсырманы іске асыру орындалу мерзімдері ұзартылған немесе ауыстырылған басқа тапсырмаларға тікелей байланысты болған;
4) төтенше жағдайға, төтенше ахуалға және карантин шараларына байланысты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға шектеулер енгізілген жағдайларда, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жаңа орындау мерзім белгілеу (мерзімді ауыстыру) туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблеяның актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Ескерту. Қағидалар 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.54. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.54-1. Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқарушы адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Президент Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
Ескерту. Қағидалар 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.54-2. Алып тасталды – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.
55. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.
Ескерту. 55-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.04.2019 № 35; 20.12.2020 № 473 Жарлықтарымен.56. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімін ұзартуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
57. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) толық және сапалы орындалуы, оның ішінде заңға қол қойылуы, Президент немесе Үкімет актісінің қабылдануы;
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қосарланатын) жаңа тапсырмасы;
2) туындаған объективті жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі;
3) орындалуын одан әрі бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе басқа мемлекеттік органға берілуі;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарының орындалуының ықпалы тұрғысынан талдаудың нәтижелері негіз болып табылады.
Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін.
Ескерту. 57-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295; 29.04.2019 № 35 03.07.2019 № 50; 20.12.2020 № 473; 23.10.2021 № 680 Жарлықтарымен.58. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің біреуін жан-жақты баяндай отырып, Президент Әкімшілігіне хат енгізеді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.59. Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды:
1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқаратын адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;
2) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің немесе мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы тармағының осы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптарын бұза отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде мұндай тапсырманың тармағын бақылауды қайта жаңарту және орындау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған, Президент Әкімшілігі бақылайтын тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.
Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.60. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.61. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын – Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алған соң ғана орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) бақылаудан алады.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алған соң ғана орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) бақылаудан алады.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.62. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жай-күйі және бақылау нәтижелері туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы кемінде жартыжылдықта бір рет және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.
62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жартыжылда кемінде бір рет Үкімет отырысында, мемлекеттік органдардың алқа отырыстарында және ұйымдардың жиналыстарында қаралады.
Ескерту. Қағидалар 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібі
63. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына (бұдан әрі - жарлықтар) мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылу тиімділігін бағалау мен оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі.
64. Жарлықтарға мониторингті оларды әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.
65. Әзірлеушісі Президент Әкімшілігі болып табылатын жарлықтар бойынша мониторингті оларды тікелей әзірлеген оның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
66. Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 08.02.2016 N 191 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642 Жарлығымен.67. Жарлықтарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтарға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен жарлықтардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін Президент Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.68. Жарлықтарға мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын олар туралы ақпаратты жинақтау, есепке алу және сақтау мақсатында Президент Әкімшілігі жарлықтардың электрондық түрдегі тіркелімін жүргізеді.
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығының, өкімінің жобасын келісу
ПАРАҒЫ
Жобаның атауы: ______________________________________________________
Жобаны кім және қашан енгізді _______________________________________
Әзірлеуші ___________________________________________________________
Осы мәселе бойынша Президенттің бұрын қабылданған актілері (күні және
№): _________________________________________________________________
Жобаны келісу нәтижелері: ___________________________________________
Алынған күні | Мемлекеттік органдар, басшылар, құрылымдық бөлімшілер | Нақты кіммен келісілді (тегі, аты, әкесінің аты) | Келісу нәтижелері (белгі немесе қолы, күні) | Қайтарылған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мемлекеттік құқық бөлімінің қорытындыны табыс еткен күні: _____
Бөлімдердің корытындыларды табыс еткен күні:
________________________________ Қайтарылған күні: ____________
________________________________ Қайтарылған күні: ____________
________________________________ Қайтарылған күні: ____________
Келіп түскен күні: ____________________________________________
редакциялық сараптама жасау үшін
Жалпы бөлімге: _________________ Қайтарылған күні: ____________
Жобаның өтуі туралы ерекше белгілер ___________________________
_______________________________________________________________
Редакциялық сараптама және шешім шығару секторына
келіп түскен күні: _____________ қабылдаған ___________________
Жарлық (өкім) жобасына қоса берілген құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Р/с № | Құжаттардың атауы | Құжаттың нөмірі мен күні | Парақ саны |
1. | Жарлық (өкім) жобасы | ||
2. | Жобаға түсіндірме жазба | ||
3. | Жіберу көрсеткіші | ||
4. | Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері | ||
5. | Қол қойылған Жарлықтың (өкімнің) көшірмесі | ||
6. | Мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқару туралы | ||
7. | бұйрықтың көшірмесі | ||
8. | |||
9. |
Редакциялық сараптама және шешім шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ___________ құжат келіп түсті, оларда ___________ парақ
________________
Қолы_________ күні__________
Ескерту. 1-1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орын | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ||||
2. | ||||
... |
КЕЛІСІЛДІ |
БЕКІТЕМІН |
Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы)
Ескерту. Қағидалар 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Құжаттың түрі:
Тапсырманың мазмұны:
Аралық бақылау мерзімі:
Соңғы орындалу мерзімі:
Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:
р/с № | Іс-шараның атауы | Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы) | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Орындалу индикаторлары | Мемлекеттік органның (ұйымның) бақылауға жауапты лауазымды адамы |
---|---|---|---|---|---|---|
1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
2-кезең. Практикада іске асыру | ||||||
1. |
Ескерту. 1-3-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
Ескерту. 1-3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Ескерту. Қағидалар 1-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.
Р/с № | Жоспар тармағының № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер | Тармақты іске асыру бойынша жақын арадағы перспективаға арналған іс-қимыл жоспары | Орындалу барысын бағалау және кейінгі бақылау бойынша ұсыныстар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | ||||||||
2. | ||||||||
... |
Қазақстан Республикасы Президентінің _________________________________ 20__ жылғы ___ _______ № ____ актісін немесе тапсырмасын іске асыру бойынша БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ
Ескерту. Қағидалар 1-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 29.04.2019 № 35 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
№ р/с | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Түпкілікті нәтижесі* | Жауапты мемлекеттік орган | Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі |
---|---|---|---|---|---|---|
1. | ||||||
2. | ||||||
… |
* түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын* орындау барысы туралы АҚПАРАТ тапсырманың түрі _____________________, құжаттың атауы _____________________, құжаттың нөмірі мен күні ______________
Ескерту. 1-5-қосымша алып тасталды – ҚР Президентінің 23.10.2021 № 680 Жарлығымен.
Ескерту. 1-6-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
Ескерту. Қағида 1-6-қосымшамен толықтырлды – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының жобасын келісудің ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПАРАҒЫ
Жобаның атауы, мазмұны | ___________________________________________ |
Жобалық құжаттың тіркеу деректемелері | ___________________________________________ |
Кім және қашан құжатты енгізді | ___________________________________________ |
Әзірлеуші мемлекеттік орган | ___________________________________________ |
Әзірлеуші бөлім * | ___________________________________________ |
Келісудің электрондық парағы алынған ақпараттық жүйенің атауы | ___________________________________________ |
Келісудің электрондық парағының қағаздағы көшірмесі дайындалған күні мен уақыты | ___________________________________________ |
Жобаны келісудің нәтижелері:
№ | Мемлекеттік органдар, басшылар, құрылымдық бөлімшелер | Келісу күні мен уақыты | Кіммен дербес келісілді (Т.А.Ә., лауазымы) | ЭЦҚ қою мәртебесі | Түсініктеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
… |
"Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" мәтіні бар мөртабан (электрондық цифрлық қол қоюды тексеру рәсімінің оң нәтижесі анықталды), парақтар саны, куәландырушының т.а,ә., лауазымы, қолы __________
* - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіндегі әзірлеуші құрылымдық бөлімше немесе жауапты құрылымдық бөлімше
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне ұсынылатын ақпараттың НЫСАНЫ*
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.12.2020 № 473 Жарлығымен.
1. Тапсырманың деректемелері:
1.1. тапсырма қамтылған құжаттың атауы (Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамасы, Жарлығы және т.б.);
1.2. құжаттың нөміріне, күніне және тапсырма тармағына сілтеме;
1.3. жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;
1.4. орындаудың бастапқы мерзімі;
1.5. ұзартылған орындау мерзімінің, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың (егер олар бар болса), жаңа орындау мерзімінің күні.
2. Тапсырманың мазмұны:
2.1. тапсырманың қысқаша мазмұны;
2.2. тапсырманың маңызы мен күрделілігін мемлекеттік органның (ұйымның) пайымдауы (түсінуі);
2.3. тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралар тізбесі, олардың орындылығы мен іске асырылу мерзімдерінің (кезеңдер бойынша) негіздемесі.
3. Есепті кезеңде тапсырманы іске асыру қорытындылары:
3.1. тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы;
3.2. өткізілген іс-шаралардан кейін қол жеткізілген нәтиже (түпкілікті нәтиже);
тапсырманы орындау нәтижелері бойынша нақты: "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген тұжырымдар берілген өзіндік бағалау. Екінші және үшінші жағдайларда ақпаратта тапсырманы ішінара орындаудың немесе орындамаудың объективтілігін растайтын ресми құжаттарға сілтеме жасала отырып, себептері міндетті түрде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік органның:
осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген негіздердің біреуін көрсете отырып бақылаудан алу туралы;
себептерін және Президент Әкімшілігіне есептік ақпарат берудің ұсынылатын жаңа мерзімін дәлелдермен негіздей отырып, мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру** (егер белгіленген мерзімге тапсырманы орындау аяқталмаса) туралы тұжырымдары мен ұсыныстары.
Қорытынды ақпаратқа орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы қол қоюға тиіс.
* жедел сипаттағы тапсырмалардан, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан басқа;
** тапсырманы ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныс енгізу кезінде жол картасының жобасы келісу үшін қоса беріледі.
Президент Әкімшілігіне әзірлеуші орган ұсынатын стратегиялық
және бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысы туралы
ақпаратты беру
НЫСАНЫ*
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Президент Әкімшілігіне Экономикалық даму және сауда министрлігі
ұсынатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттың іске асырылу
барысы туралы ақпаратты беру
НЫСАНЫ*
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Президент Әкімшілігіне Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті ұсынатын стратегиялық және
бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысы туралы
ақпаратты беру
НЫСАНЫ*
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.