"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықтың 2-қосымшасына:
"Қазақстан Республикасының прокуратурасы" деген жолдағы "5921" деген цифрлар "6281" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Бас прокуратура" деген жолдағы "289" деген цифрлар "338" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Прокуратура органдары" деген жолдағы "4861" деген цифрлар "5171" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет" деген жолдағы "117" деген цифрлар "118" деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
8-тармақтағы "Тәуелсіздік көшесі" деген сөздер "Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта "жүзеге асыруы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 970 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны
ЛИМИТІ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитет 64
Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы
сот әкімшілері, оның ішінде: 8432
сот әкімшілерінің аппараттары, облыстық және
оған теңестірілген соттардың кеңселері,
сот орындаушылары 3251
аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері 4484
сот приставтары 697
Қазақстан Республикасының жергілікті соттары
судьяларының штат саны
ЛИМИТІ
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 574
Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 1945