Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 970 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықтың 2-қосымшасына:
      "Қазақстан Республикасының прокуратурасы" деген жолдағы "5921" деген цифрлар "6281" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Бас прокуратура" деген жолдағы "289" деген цифрлар "338" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Прокуратура органдары" деген жолдағы "4861" деген цифрлар "5171" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет" деген жолдағы "117" деген цифрлар "118" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) (күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 970 Жарлығына   
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына   
3-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны
ЛИМИТІ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитет                                   64

Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы
сот әкімшілері, оның ішінде:                                     8432

сот әкімшілерінің аппараттары, облыстық және
оған теңестірілген соттардың кеңселері,
сот орындаушылары                                                3251

аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері             4484

сот приставтары                                                   697

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары
судьяларының штат саны
ЛИМИТІ

Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары              574

Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары             1945