Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы ;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.11.12 N 689, 2009.05.22 N 815, 2010.03.19 N 952
Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы төраға
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төрағаның орынбасары
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Жүнісов - "Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы құрылысы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы - Астана қаласының
бас сәулетшісі, хатшы
Кеңес мүшелері:
қазақстандық тараптан:
Досмағамбетов - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-
Баир Фарденұлы зерттеу жобалау институты" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының директоры
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы
Чиканаев - профессор, Астана қаласының еңбек
Аманжол Шаймерденұлы сіңірген сәулетшісі
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің бірінші орынбасары
шетелдік тараптан:
Хиджас бин Кастури - сәулетші және қала салушы, Малайзия
(келісім бойынша)
Эрик Кун - сәулет магистрі, Америка Құрама
Штаттары (келісім бойынша)
Габриель Таглиавенти - сәулетші және жобалаушы, Уэльс ханзадасы
атындағы сәулет өнері мектебінің
профессоры, Италия (келісім бойынша)
Арат Исодзаки - сәулетші, Жапония (келісім бойынша)
Жан Нувель - сәулетші, Франция (келісім бойынша)
Платонов - сәулет академигі, профессор, Ресей (келісім
Юрий Павлович бойынша)
Роберт Стерн - сәулетші, Америка Құрама Штаттары (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру, қала құрылысы кеңістігін дамытудың нақты кезеңдерінің тұжырымдық міндеттерін қарау;
2) астананың құрылысын салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және қала құрылысы қызметін дамыту мен астана аумағында құрылыс салу бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы соңғы әлемдік жетістіктерді зерделеуді және пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және астананы салу саласындағы бағдарламаларды әзірлеу, Астана қаласын салудың осы заманғы тәжірибесін енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады.
3. Кеңестің құқықтары
6. Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:
1) өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін тиісті мамандар мен ғалымдарды тартуға құқығы бар.
4. Кеңестің құрамы және оның қызметін ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес төрағасы болып табылады.
8. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
2) Астана қаласының әкімі Кеңес төрағасының орынбасарлары болып табылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана әкімдігінің өкілдері, отандық және шетелдік сәулетшілер Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
10. Кеңестің жоспарлы отырыстары жылына бір рет өтеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.03.19 N 952 Жарлығымен.
11. Кеңестің кезектен тыс отырысы қарауға ұсынылатын мәселелердің тізбесін көрсете отырып, Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша шақырылады.
12. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан оның мүшелеріне жазбаша сауал қою жолымен олардың көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
5. Кеңестің жұмыс органы
14. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарының өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде Кеңес отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
4) Кеңес мүшелерін Кеңес отырысы өтетін орын, уақыт және оның күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақытылы қамтамасыз етеді;
5) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.