Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 477-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулеттік кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы,
Арат Исодзаки - сәулетші, Жапония (келісім бойынша),
Жан Нувель - сәулетші, Франция (келісім бойынша),
Платонов - сәулет академигі, профессор, Ресей (келісім
Юрий Павлович бойынша),
Роберт Стерн - сәулетші, Америка Құрама Штаттары (келісім
бойынша);
"Жүнісов Сәрсембек Ендібайұлы - "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры - Астана қаласының бас сәулетшісі, хатшы" деген жолдағы "департаменті", "директоры" деген сөздер тиісінше "басқармасы", "бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Қ.О.Омаров, Б. Рикардо, Н. Фостер шығарылсын;
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы ережеде:
10-тармақтағы "жыл сайын қыркүйек айында" деген сөздер "жылына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |