Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381 Жарлығы

Жаңартылған

      Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже ;
      2) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже ;
      3) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже ;
      4) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы ;
      5) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы ;
      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы  Жарлықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Президенті

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық және мемлекеттік сыйлықтар) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.
 

      2. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;
      қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін;
      техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;
      экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық үрдістер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
 

      3. Мемлекеттік сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президенті  Тәуелсіздік күніне береді.
      Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2007 жылдан бастап беріледі.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2008 жылдан бастап беріледі.
      Екі жылда бір рет үш Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және үш Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріледі.
 

      4. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.
      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
      Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
 

      5. Мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Мемлекеттік сыйлық лауреатының дипломынан және омырау белгісінен тұрады. Мемлекеттік сыйлық лауреаты дипломының және омырау белгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президенті актісімен бекітіледі.
      Комиссиялар мемлекеттік сыйлықтардың ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде айқындайды.
      Дипломдар мен омырау белгілерін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
 

      6. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған сәтке кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.
      Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.
      Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.
 

      7. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.
      Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.
 

      8. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми- техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалық органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.
      Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсыну туралы шешім осы органдардың қызметін реттейтін регламенттер мен басқа да актілерде белгіленген тәртіппен қабылданады.
 

      9. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар мен оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
 

      10. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық     сараптама жүргізіледі.
 

      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды;
      мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.
 

      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сыйлықтар беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.
 

      13. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.
 

      14. Мемлекеттік сыйлық ұжымға берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді.
 

      15. Қайтыс болғаннан кейін марапатталған Мемлекеттік сыйлық лауреатының дипломы, омырау белгісі мен ақшалай сыйақысы мұрагерлеріне беріледі.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылады және Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.
 

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
 

      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.
 

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
      Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады.

       2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
 

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
 

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.
 

      8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған жағдайда құқылы. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
 

      9. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік жасырын дауыс беруімен қабылданады. "Құпия" белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.
      Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмысқа беріледі.
      Комиссия мүшелері үшеуден аспайтын жұмыс бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайды.
      Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан үшеуден артық жұмыс 50%-тен кем емес дауыс жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған үш жұмысқа беріледі.
      Қажет болған жағдайда бірдей дауыс жинаған, бірақ отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмыстар бойынша қайта дауыс беруге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
 

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның жұмысына қатыспайды.
 

      11. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
      Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды және оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды Комиссия атынан бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлерден жұмыстарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік  ғылыми-техникалық   сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың екі теріс қорытындысын алған жұмыстарды одан әрі қарауға ұсынбайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылымның бағыттары бойынша секцияларға енгізеді;
      мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып, өзінің нақты шығармашылық үлесі бойынша ізденушінің мәлімделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестігін анықтай отырып, мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады;
      мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұжымдарды көрсете отырып, кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді;
      жұмыс және ізденушілер туралы мәліметтері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындылары, пікірлер туралы ақпараты бар жиынтық анықтама дайындайды;
      Комиссияның отырысынан 10 күн бұрын алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындыларын оның қарауына енгізеді, Комиссия мүшелеріне материалдарды жібереді;
      Комиссия қарауының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің тиісті жобасын әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын ресімдеуді және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
      12. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылады және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.
 

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
 

      3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.
 

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.

2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
 

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
 

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.
 

      8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
 

      9. Әрбір номинация бойынша Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен:
      алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс берумен;
      түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс беруімен қабылданады.
      Егер жасырын дауыс беру қорытындылары бойынша біреуден артық жұмыстар бірдей дауыстар санын алатын болса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
 

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның және оның секциясының жұмысына қатыспайды.
 

      11. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкілікті іріктеуді жүргізеді;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер саласындағы мамандарды тартады;
      Комиссия мүшелерін Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстармен танысу үшін олар орналасқан жерлерге жібереді.
 

      12. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Комиссияның атынан Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды, оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, осы жұмыстардың тізімін кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді және нәтижелерін Комиссияға ұсынады;
      ұсынылған жұмыстарды Комиссияның қарау қорытындылары бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
 

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Саудабаев              - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы        хатшысы, төраға
 
Түймебаев              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы     министрі, төрағаның орынбасары
 
Қуанғанов              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы       министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы

Комиссия мүшелері:

Әбдірайымов            - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Бақытжан Жарылқасымұлы   университетінің ректоры, заң
                         ғылымдарының докторы, профессор

Әбусейітова            - Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану
Меруерт Қуатқызы         институтының директоры, тарих ғылымдарының
                         докторы, профессор
 
Әдекенов               - "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығының
Серғазы Мыңжасарұлы       президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық
                          ғылым академиясының академигі, химия
                          ғылымдарының докторы, профессор

Әшімбаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
Маулен Сағатханұлы       Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Байпақов               - Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институ-
Карл Молдахметұлы        тының директоры, Қазақстан Республикасы
                         Ұлттық ғылым академиясының академигі,
                         тарих ғылымдарының докторы, профессор

Оңғарбаев              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еркін Әнуарұлы           министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
                         заң ғылымдарының докторы, профессор

Досқалиев              - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жақсылық Ақмырзаұлы      Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                         комитетінің төрағасы, медицина
                         ғылымдарының докторы, профессор
                         (келісім бойынша)

Досымов                - Д.В.Сокольский атындағы Органикалық
Құсман Досымұлы          катализ және электрохимия институтының
                         директоры, химия ғылымдарының докторы,
                         профессор

Дүйсенбеков            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Зайролла Дүйсенбекұлы    академиясы Орталық-Қазақстандық
                         бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан
                         Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                         академигі, ауыл шаруашылығы
                         ғылымдарының докторы, профессор
                         (келісім бойынша)

Жұмағұлов              - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы       университетінің ректоры, техника
                         ғылымдарының докторы, профессор
                         (келісім бойынша)

Жұрынов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Мұрат Жұрынұлы           академиясының президенті, химия
                         ғылымдарының докторы, профессор (келісім
                         бойынша)

Қадыржанов             - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
Қайрат Қамалұлы          орталығының бас директоры,
                         физика-математика ғылымдарының докторы,
                         профессор (келісім бойынша)

Молдабеков             - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы     агенттігі төрағасының орынбасары,
                         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                         академиясының академигі, техника
                         ғылымдарының докторы, профессор
                         (келісім бойынша)

Мұқашев                - Жер туралы ғылым, металлургия және кен
Болат Нығметұлы          байыту орталығы Физика-техникалық
                         институтының бөлім меңгерушісі, Қазақстан
                         Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                         академигі, физика-математика ғылымдарының
                         докторы, профессор

Нысанбаев              - Философия және саясаттану институтының
Әбдімәлік Нысанбайұлы    директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық
                         ғылым академиясының академигі, философия
                         ғылымдарының докторы, профессор

Школьник               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич       және сауда министрі, физика-математика
                         ғылымдарының докторы, профессор

Пішембаев              - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мейрам Құдайбергенұлы    Мәжілісінің депутаты (келісім
                         бойынша)

Раманқұлов             - Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология
Ерлан Мірхайдарұлы       орталығының бас директоры, РhD докторы

Сағадиев               - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Кенжеғали Әбенұлы        академиясының академигі, экономика
                         ғылымдарының докторы, профессор (келісім
                         бойынша)

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы         Сенатының Халықаралық қатынастар,
                         қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
                         төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов             - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
Батырбек Айтбайұлы       техникалық университеті технологиялық
                         процестер мен өндірістерді автоматтандыру
                         кафедрасының меңгерушісі, техника
                         ғылымдарының докторы, профессор
 
Шоманов                - "Казагроинновация" акционерлік қоғамы
Үрішбай Шоманұлы         Тағам өнеркәсібі институтының бас
                         ғылыми қызметкері, Қазақстан
                         Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                         академигі, техника ғылымдарының
                         докторы, профессор (келісім бойынша)

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Саудабаев              - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы        хатшысы, төраға

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы          ақпарат министрі, төрағаның орынбасары

Мыңбай                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы       ақпарат вице-министрі, хатшы

Әдебиет секциясы

Қасқабасов             - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
Сейіт Асқарұлы           институтының директоры, әдебиеттанушы,
                         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                         академиясының академигі, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты, секция төрағасы

Әбдікұлы               - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Төлен                    сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Абдрахманов            -»"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" Сауытбек                 акционерлік қоғамының президенті,
                         әдебиеттанушы, бұқаралық ақпарат құралдары
                         саласындағы Қазақстан Республикасы
                         Президенті сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Есдәулетов             -»"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы,
Ұлықбек Оразбайұлы       ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Жолдасбеков            - Қазақстан Республикасы Президенттік
Мырзатай                 мәдениет орталығының директоры,
                         әдебиеттанушы, филология ғылымының
                         докторы, профессор (келісім бойынша)

Исабеков               - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Дулат                    сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қамзабеков             - Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық
Дихан Қамзабекұлы        университеті жанындағы "Алаш" орталығының
                         директоры, филология ғылымдарының докторы,
                         профессор (келісім бойынша)

Кекілбаев              - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Әбіш                     Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Мағауин                - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мұхтар                   Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Мырза-Әли              - халық жазушысы, ақын, Қазақстан
Қадыр Ғинаятұлы          Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты (келісім бойынша)

Молдағалиев            - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Тұманбай                 Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Нұрғали                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Рымғали                  академиясының академигі, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты (келісім бойынша)

Оразалин               - Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы,
Нұрлан                   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Мырқасымұлы              сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Сейдімбек              - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ақселеу Сланұлы          сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Смайылов               - Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы
Алдан                    филиалының төрағасы, жазушы, Қазақстан  
                         Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты (келісім бойынша)

Шиленко                - "Простор" журналының бас редакторы
Ольга Ивановна           (келісім бойынша)

Музыка, театр және кино секциясы

Дінішев                - КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасы
Әлібек Мұсаұлы           Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, секция
                         төрағасы (келісім бойынша)

Әзімов                 - "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм"
Сергей Жұмабайұлы        акционерлік қоғамының президенті,
                         Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
                         (келісім бойынша)

Андриасян              - М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік
Рубен Суренович          академиялық орыс драма театрының көркемдік
                         жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық
                         әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әубәкірова             - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
Жәния Яхияқызы           консерваториясының ректоры, профессор,
                         Қазақстан Республикасының халық әртісі,
                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты

Әшімов                 - КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасы
Асанәлі                  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Вовнянко               - Қазақстан Кинематографистер одағының
Игорь Александрович      төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген
                         қайраткері, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                         (келісім бойынша)

Жаманқұлов             - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Тұңғышбай                Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Косенко (Трегубенко)   - М.Горький атындағы Орыс драма театрының
Наталья Павловна         актрисасы, Қазақстан Республикасының еңбек
                         сіңірген әртісі (келісім бойынша)

Қыдырбек               - Қазақстан Республикасы Композиторлар
Балнұр Балғабекқызы      одағының төрағасы, композитор,
                         А.Александров атындағы халықаралық
                         сыйлықтың лауреаты (келісім бойынша)

Мұсақожаева            - Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры,
Айман Қожабекқызы        профессор, Қазақстан Республикасының халық
                         әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты

Молдакәрімова          - Қазақстан Республикасының халық әртісі
Ғалия Әбіләкімқызы       (келісім бойынша)

Сығай                  - театртанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген
Әшірбек Төребайұлы       қайраткері, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор
                         (келісім бойынша)

Тарази                 - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы
Әкім                     Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Тілеухан               - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
Бекболат                 әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Түткебаева             - балетмейстер, Қазақстан Республикасының
Гүлжан Ұсанбекқызы       халық әртісі (келісім бойынша)

Үсенбаева              - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Нұржамал Пернебайқызы    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы

Сергебаев              - суретші-мүсінші, Қазақстан Республикасының
Ескен Аманжолұлы         еңбек сіңірген өнер қайраткері,
                         Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты, секция төрағасы
                         (келісім бойынша)

Әлиев                  - кескіндемеші, Қазақстан Республикасы
Дулат Қапбарұлы          Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                         бойынша)

Досмағамбетов          - Астана қаласы бас жоспары ғылыми-зерттеу
Баир Фарденұлы           жобалау институтының директоры, сәулетші,
                         Мәскеу қаласы Халықаралық сәулет
                         академиясының профессоры

Дүзелханов             - кескіндемеші, Қазақстан Республикасының
Ағымсалы                 еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты (келісім бойынша)

Ерғалиева              - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
Райхан Әбдешқызы         институты бейнелеу өнері бөлімінің
                         меңгерушісі, өнертану докторы, ЮНЕСКО
                         жанындағы Халықаралық көркемдік сыншылар
                         қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)

Жүнісов                - Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы
Сәрсенбек                департаментінің директоры, Астана
Ендібайұлы               қаласының бас сәулетшісі (келісім бойынша)
 

Зәуірбекова            - суретші-гобеленші, Ш.Уәлиханов атындағы
Бәтима Есмұратқызы       Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                         (келісім бойынша)

Құмарова               - өнертанушы, Қазақстан Республикасының
Сәбила Бекжанқызы        еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан
                         Республикасы Суретшілер одағының мүшесі
                         (келісім бойынша)

Твердохлебов           - суретші-монументалист, Қазақстан
Владимир Сергеевич       Республикасының еңбек сіңірген өнер
                         қайраткері, Қазақстан Республикасы
                         Суретшілер одағының мүшесі (келісім
                         бойынша)

Рүстембеков            - Қазақстан Республикасы Сәулетшілер
Ақмырза Исаұлы           одағының президенті, Қазақстан
                         Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі
                         (келісім бойынша)

Сүлейменов             - Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті,
Тимур Бимашұлы           Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
                         өнер қайраткері, суретші-дизайнер (келісім
                         бойынша)

Төлепбай               - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген
Ерболат Тоғысбайұлы      қайраткері, Ресей Федерациясы Суретшілер
                         академиясының академигі, Сальвадор Дали
                         сыйлығының лауреаты, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                         лауреаты (келісім бойынша)

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен омырау белгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      1. Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы:
 

      1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;
 

      2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.
      Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес былғарыдан жасалады.
 

      Дипломның мұқабасында алтын түспен бедерленіп салынған:
      1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
 

      2) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:
                        "Қазақстан Республикасы
                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                               ДИПЛОМЫ"
деген жазу орналасады (1-қосымша).
 

      2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көк түсті қағазда басылып шығарылады.
      Жапсырма беттің үстіңгі бетінде:
      1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
      2) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында:
                        "Қазақстан Республикасы
                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                              ДИПЛОМЫ"
деген сөздер орналасады (2-қосымша).
      Жапсырма беттің ішкі екі жақтарының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының фондық бейнесі салынған.
      Жапсырма беттің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:
                  "Қазақстан Республикасы Президентінің
                      жылғы           N    Жарлығымен
                           "жұмыстың атауы"
                             жұмысы үшін
                           ғылыми дәрежесі
                         ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
                     __________________САЛАСЫНДАҒЫ
                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ______ЖЫЛҒЫ
                      МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"
деген мәтін жазылған.
      Төменде:
        "Қазақстан Республикасының
              Президенті                          Н.Назарбаев"
деген сөздер орналасқан.
      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.
      Қосымша беттің ішкі оң жағында орыс тілінде:
                  "Указом Президента Республики Казахстан
                         от         года N
                             ПРИСУЖДЕНА
             ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
              В ОБЛАСТИ_________________ ____________ГОДА
                       за работу "наименование работы"
                          ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
                             ученая степень"
деген сәйкес мәтін жазылған.
 

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреатының омырау белгісі төрт бұрышты планкаға ілгішпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңқығы 2 мм шеңбер түрінде алтындатқан жезден дайындалған.
      25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында - визорлы кілтті түйреуіш бекітілген.
      Омырау белгісінің шығыңқы бедерлі жылтырақ үстіңгі бетінде: төменде - шарықтаған қыран, ортасында - күн шапағы аясындағы»алтын адам» бейнелері бар. Омырау белгісінің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (3-қосымша).

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі
(қатты мұқаба)

                  (кестені қағаз мәтінде қараңыз)

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007 жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі
(қосымша беттің үстіңгі беті)

               (кестені қағаз мәтінде қараңыз)

                                                   2-қосымша жалғасы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
        дипломына жапсырма беттің ішкі жағының бейнесі

     Қазақстан Республикасы
         Президентінің
     жылғы       N    Жарлығымен
         "жұмыстың атауы"
           жұмысы үшін
         ғылыми дәрежесі
       ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
_____________________САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
_________ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Президенті          Н.Назарбаев

N 000

      Указом Президента
    Республики Казахстан
    от          года N
        ПРИСУЖДЕНА
   ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ
  РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В
ОБЛАСТИ_________ГОДА_________
   за работу»"наименование
           работы"
    ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
       ученая степень

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007 жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                3-ҚОСЫМША

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" омырау белгісінің сызықпен түсірілген бейнесі

             (кестені қағаз мәтінде қараңыз)