Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381 Жарлығы

Жаңартылған

      Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
      2) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
      3) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
      4) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
      5) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы  Жарлықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Президенті

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық және мемлекеттік сыйлықтар) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады. 

      2. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;
      қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін;
      техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;
      экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық үрдістер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі. 

      3. Мемлекеттік сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президенті  Тәуелсіздік күніне береді.
      Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2007 жылдан бастап беріледі.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2008 жылдан бастап беріледі.
      Екі жылда бір рет үш Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және үш Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріледі. 

      4. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.
      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
      Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211, 2012.03.13 N 284 Жарлықтарымен.

      5. Мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Мемлекеттік сыйлық лауреатының дипломынан және омырау белгісінен тұрады. Мемлекеттік сыйлық лауреаты дипломының және омырау белгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президенті актісімен бекітіледі.
      Комиссиялар мемлекеттік сыйлықтардың ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде айқындайды.
      Дипломдар мен төсбелгісін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211, 2012.03.13 N 284 Жарлықтарымен.

      6. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған сәтке кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.
      Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.
      Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.
      Бір автор немесе авторлар ұжымы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211 Жарлығымен.

      7. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.
      Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды. 

      8. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми- техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалық органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.
      Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсыну туралы шешім осы органдардың қызметін реттейтін регламенттер мен басқа да актілерде белгіленген тәртіппен қабылданады. 

      9. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар мен оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. 

      10. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.

      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды;
      мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211, 2012.03.13 N 284 Жарлықтарымен.

      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сыйлықтар беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді. 

      13. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады. 

      14. Мемлекеттік сыйлық ұжымға берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді. 

      15. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
      Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211 Жарлығымен.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылады және Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады. 

      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. 

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
      Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады.

       2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. 

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады. 

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады. 

      8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған жағдайда құқылы. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. 

      9. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік жасырын дауыс беруімен қабылданады. "Құпия" белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.
      Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмысқа беріледі.
      Комиссия мүшелері үшеуден аспайтын жұмыс бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайды.
      Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан үшеуден артық жұмыс 50%-тен кем емес дауыс жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған үш жұмысқа беріледі.
      Қажет болған жағдайда бірдей дауыс жинаған, бірақ отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмыстар бойынша қайта дауыс беруге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның жұмысына қатыспайды. 

      11. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
      Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды және оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды Комиссия атынан бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлерден жұмыстарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік  ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың екі теріс қорытындысын алған жұмыстарды одан әрі қарауға ұсынбайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылымның бағыттары бойынша секцияларға енгізеді;
      мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып, өзінің нақты шығармашылық үлесі бойынша ізденушінің мәлімделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестігін анықтай отырып, мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады;
      мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұжымдарды көрсете отырып, кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді;
      жұмыс және ізденушілер туралы мәліметтері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындылары, пікірлер туралы ақпараты бар жиынтық анықтама дайындайды;
      Комиссияның отырысынан 10 күн бұрын алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындыларын оның қарауына енгізеді, Комиссия мүшелеріне материалдарды жібереді;
      Комиссия қарауының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің тиісті жобасын әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын ресімдеуді және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
      12. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады. 

      3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. 

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211, 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады. 

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады. 

      8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. 

      9. Әрбір номинация бойынша Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен:
      алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс берумен;
      түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс беруімен қабылданады.
      Егер жасырын дауыс беру қорытындылары бойынша біреуден артық жұмыстар бірдей дауыстар санын алатын болса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның және оның секциясының жұмысына қатыспайды. 

      11. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкілікті іріктеуді жүргізеді;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер саласындағы мамандарды тартады;
      Комиссия мүшелерін Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстармен танысу үшін олар орналасқан жерлерге жібереді. 

      12. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Комиссияның атынан Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды, оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
      алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, осы жұмыстардың тізімін кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді және нәтижелерін Комиссияға ұсынады;
      ұсынылған жұмыстарды Комиссияның қарау қорытындылары бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді;
      Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді. 

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

-

төраға

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

-

хатшы

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті

Айтхожина
Нағима Әбенқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  «М.А.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Аяған
Бүркітбай Ғелманұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Әдекенов
Серғазы Мыңжасарұлы

-

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Байпақов
Карл Молдахметұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Бишімбаев
Уәлихан Қозыкеұлы

-

техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Данаев
Нарғозы Тұрсынбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Механика және математика институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Дүйсенбеков
Зайролла Дүйсенбекұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Мұқашев
Болат Нығметұлы

-

«Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» акционерлік қоғамының Физика-техникалық институтының конденсацияланған орта физикасы мен жаңа материалдар зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, (келісім бойынша)

Нәдіров
Нәдір Кәрімұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Өтелбаев
Мұқтарбай Өтелбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Раманқұлов
Ерлан Мірхайдарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, PhD докторы (келісім бойынша)

Сағадиев Кенжеғали
Әбенұлы

-

экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Сүлейменов
Батырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Сұлтанов
Қуаныш Сұлтанұлы

-

саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сыдықов
Ерлан Батташұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

-

төраға

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

-

хатшы

әдебиет секциясы

Қасқабасов
Сейіт Асқарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының фольклортану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, секция төрағасы (келісім бойынша)

Абдрахманов Сауытбек

-

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Асқаров
Әлібек Асылбайұлы

-

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әбдезұлы Қансейіт

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі (келісім бойынша)

Әбдіқұлы Төлен

-

жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Есдәулетов
Ұлықбек Оразбайұлы

-

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Жолдасбеков Мырзатай

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Исабеков Дулат

-

жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Кекілбаев Әбіш

-

халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қалижанов Уәлихан

-

жазушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Михайлов
Валерий Федорович

-

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы «Простор» журналының бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан және Ресей жазушылар одақтарының мүшесі (келісім бойынша)

Момышұлы
Бақытжан Бауыржанұлы

-

жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша)

Оразалин
Нұрлан Мырқасымұлы

-

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Смайыл
Алдан Зейноллаұлы

-

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Шаштайұл Жұмабай

-

жазушы, «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Ысқақбай Маралбай Ысқақбайұлы

-

жазушы, «Қазақстан авторлары қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

музыка, театр және кино секциясы

Дінішев
Әлібек Мұсаұлы

-

КСРО және ҚазКСР-інің халық әртісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты, секция төрағасы (келісім бойынша)

Андриасян
Рубен Суренович

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Аравин
Юрий Петрович

-

музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Ахмадиев
Мұрат Абдуреимұлы

-

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Әубәкірова
Жәния Яхияқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» мемлекеттік мекемесінің ректоры, профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әшімов Асанәлі

-

КСРО және ҚазКСР-інің халық әртісі, КСРО және ҚазКСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (келісім бойынша)

Вовнянко
Игорь Александрович

-

«Қазақстан Кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Жаманқұлов Тұңғышбай

-

«Қазақстан Театр қайраткерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қыдырбек
Балнұр Балғабекқызы

-

«Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, композитор (келісім бойынша)

Мұсақожаева
Айман Қожабекқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің ректоры, профессор, ҚазКСР-інің халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Мұхамедиұлы Арыстанбек

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (келісім бойынша)

Нарымбетов Сатыбалды Жәлелұлы

-

кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Сығай
Әшірбек Төребайұлы

-

театртанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор (келісім бойынша)

Тарази (Әшімов)
Әкім Үртайұлы

-

жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Тұтқыбаева
Гүлжан Ұсамбекқызы

-

балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)

Тілеухан
Бекболат Қанайұлы

-

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Үсенбаева
Нұржамал Пернебекқызы

-

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

бейнелеу өнері және сәулет секциясы

Рүстембеков
Ақмырза Исаұлы

-

«Қазақстан Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, секция төрағасы (келісім бойынша)

Әлиев
Дулат Қапбарұлы

-

кескіндемеші, Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Дүзелханов Ағымсалы

-

кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Ерғалиева
Райхан Әбдешқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі, өнертану докторы, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемдік сыншылар қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)

Жүнісов
Сәрсенбек Ендібайұлы

-

«Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Астана қаласының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Зәуірбекова
Бәтима Есмұратқызы

-

суретші-гобеленші, Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Құмарова
Сәбила Бекжанқызы

-

өнертанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша)

Сергебаев
Ескен Аманжолұлы

-

суретші-мүсінші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Сүлейменов
Тимур Бимашұлы

-

«Қазақстан Дизайнерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-дизайнер (келісім бойынша)

Тәтіғұлов
Әбдісағит Шаймұханбетұлы

-

«KAZGOR» жобалау академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Твердохлебов
Владимир Сергеевич

-

суретші-монументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша)

Төлепбай
Ерболат Тоғысбайұлы

-

суретші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                              N 381 Жарлығымен
                                                 БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен омырау белгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Сипаттамаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.28 № 211 Жарлығымен.

      1. Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы: 

      1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан; 

      2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.
      Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес былғарыдан жасалады. 

      Мұқабада алтын түспен батыңқы түсірілген:
      1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ»
деген жазу орналасады (1-қосымша).

      2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көк түсті қағазда басылып шығарылады.
      Жапсырманың сыртқы жағында:
      1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ»
деген жазу орналасады (2-қосымша).

      Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.
      Жапсырма беттің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:
                  "Қазақстан Республикасы Президентінің
                      жылғы           N    Жарлығымен
                           "жұмыстың атауы"
                             жұмысы үшін
                           ғылыми дәрежесі
                         ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
                     __________________САЛАСЫНДАҒЫ
                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ______ЖЫЛҒЫ
                      МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"
деген мәтін жазылған.
      Төменде:
        "Қазақстан Республикасының
              Президенті                          Н.Назарбаев"
деген сөздер орналасқан.
      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.
      Қосымша беттің ішкі оң жағында орыс тілінде:
                  "Указом Президента Республики Казахстан
                         от         года N
                             ПРИСУЖДЕНА
             ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
              В ОБЛАСТИ_________________ ____________ГОДА
                       за работу "наименование работы"
                          ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
                             ученая степень"
деген сәйкес мәтін жазылған. 

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреатының омырау белгісі төрт бұрышты планкаға ілгішпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңқығы 2 мм шеңбер түрінде алтындатқан жезден дайындалған.
      25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында - визорлы кілтті түйреуіш бекітілген.
      Омырау белгісінің шығыңқы бедерлі жылтырақ үстіңгі бетінде: төменде - шарықтаған қыран, ортасында - күн шапағы аясындағы»алтын адам» бейнелері бар. Омырау белгісінің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (3-қосымша).

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007 жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі
(қатты мұқаба)

                  (кестені қағаз мәтінде қараңыз)

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007 жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі
(қосымша беттің үстіңгі беті)

               (кестені қағаз мәтінде қараңыз)

                                                   2-қосымша жалғасы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
        дипломына жапсырма беттің ішкі жағының бейнесі

     Қазақстан Республикасы
         Президентінің
     жылғы       N    Жарлығымен
         "жұмыстың атауы"
           жұмысы үшін
         ғылыми дәрежесі
       ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
_____________________САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
_________ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Президенті          Н.Назарбаев

N 000

      Указом Президента
    Республики Казахстан
    от          года N
        ПРИСУЖДЕНА
   ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ
  РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В
ОБЛАСТИ_________ГОДА_________
   за работу "наименование
           работы"
    ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
       ученая степень

                                Қазақстан Республикасы Президентінің
                                        2007 жылғы 13 тамыздағы
                                      N 381 Жарлығымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
                                     дипломы мен омырау белгісінің
                                              сипаттамасына
                                                3-ҚОСЫМША

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" омырау белгісінің сызықпен түсірілген бейнесі

(кестені қағаз мәтінде қараңыз)