Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 1056 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

       1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      «Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Мемлекеттік комиссияның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімдерімен Мемлекеттік комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады.»;
      13-тармақта «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;

       2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

Айтжанова                 - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы         Экономикалық даму және сауда министрі;

       мына:

«Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әсет Өрентайұлы             сауда министрі»,

«Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы           бюджеттік жоспарлау министрі»

       деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев                 - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы             Премьер-Министрінің орынбасары -
                            Қазақстан Республикасының
                            Индустрия және жаңа технологиялар
                            министрі»,

«Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы           көмекшісі, төрағаның орынбасары»;

       көрсетілген комиссияның құрамынан Қ.У.Бишімбаев шығарылсын.

       2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев