Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкіметтің актілер
жинағында" және республикалық 
баспасөзде жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне бөліну жолымен; U041449
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі оның туризмді дамыту жөніндегі функциялары жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетін таратсын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы абзац алып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі";

      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі".

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті