Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы

Жаңартылған

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" және республикалық  
баспасөзде мазмұны       
жариялануға тиіс        

       Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына , "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  33-бабының  1-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
      2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:

      аталған Жарлықтағы 1-тармақта:

"Самақова                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Айткүл Байғазықызы            қорғау министрi - Қазақстан
                              Республикасы Президентiнiң жанындағы
                              Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi
                              ұлттық комиссияның төрайымы"

деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат):

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарында:
      I бөлiмнiң 1.2.1-шағын бөлiмiнің соңғы абзацындағы және 1.4.5-шағын бөлiмiнiң екiншi абзацындағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат;
2003 ж., N 43, 451-құжат; 2004 ж., N 18, 223-құжат; N 51, 671-құжат):

      аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң құрамында:

"Самақова                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы            ортаны қорғау министрi, Қазақстан
                              Республикасы Президентiнiң жанындағы
                              Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi
                              ұлттық комиссияның төрайымы"

деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677  Жарлығында :

      3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы  N 3395  өкiмi  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы
4 наурыздағы N 16  өкiмi ;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы
N 314  өкiмi  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы
N 527  өкiмi  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2006 жылғы 1 ақпандағы  
N 56 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН       

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөнiндегi ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

  1. Жалпы ережелер

     1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму  стратегиясының , Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған  стратегиясы  мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың аясында өңiрлiк ерекшелiктердi ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердiң теңдiгiне қатысты басымдықтарды айқындау, кешендi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдарды тұжырымдау;
      2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған  стратегиясын  iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
      3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;
      4) мыналарға:
      экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;
      еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;
      отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;
      халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;
      отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;
      халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;
      демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
      5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;
      6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;
      7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
      9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;
      11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;
      12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

  3. Комиссияның өкiлеттiктерi

      4. Комиссия өз құзыретi шегiнде:
      1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;
      4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актілерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;
      6) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы комиссиялардың қызметiн үйлестiруге, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға;
      7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.
      5. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.
      6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      6-1. Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.
      Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

  4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағадан, хатшыдан және оның мүшелерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының Президентi оның дербес құрамын айқындайды.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi.
      9. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.
      10. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
      11. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
      12. Комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
      3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;
      4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi.
Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия хатшысы төрағалық етедi;
      5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
      6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi;
      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      12-1. Комиссия төрағасы болмағанда Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.
       Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

      13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін Комиссия хатшылығы жүзеге асырады.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.05.15  N 593  Жарлығымен.

  5. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

      13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, өз қызметiнде Комиссия төрағасына тiкелей бағынатын оның Хатшылығы жүзеге асырады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.04.17. N  317  жарлығымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентiнiң
                                             2006 жылғы 1 ақпандағы 
                                                 N 56 Жарлығымен
                                                   БЕКIТIЛГЕН

        Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
        Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
                    жөніндегі ұлттық комиссияның
                          ҚҰРАМЫ

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.05.15
N 593  Жарлығымен.

Әбдіқалықова                    - Қазақстан Республикасы
Гүлшара Наушақызы                 Президентінің кеңесшісі, төрайым

Байқадамов                      - Қазақстан Республикасы
Болат Кенжекешұлы                 Президентінің Әкімшілігі Ішкі
                                  саясат бөлімінің сектор
                                  меңгерушісі, Комиссияның хатшысы

Байқошқарова                    - "Экомед" ЭКО клиникасының басшысы
Салтанат Берденқызы               (келісім бойынша)

Башмаков                        - Қазақстан Республикасы Парламенті
Анатолий Афанасьевич              Сенатының депутаты
                                  (келісім бойынша)

Даржұманова                     - "Серіктестік орталығы" қоғамдық
Гүлнар Қанатқызы                  бірлестігінің директоры
                                  (келісім бойынша)

Дерновой                        - Қазақстан Республикасының
Анатолий Григорьевич              Денсаулық сақтау министрі

Жүкенов                         - Қазақстан Республикасы
Жұмажан Қамкенұлы                 Білім және ғылым министрлігінің
                                  Балалар құқығын қорғау комитетінің
                                  төрағасы

Ықсанова                        - "Хабар" агенттігі" акционерлік
Гүлнар Мұстахимқызы               қоғамының бас директоры
                                  (келісім бойынша)

Клебанова                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Дарья Владимировна                Мәжілісінің депутаты
                                  (келісім бойынша)

Құрманбаева                     - М. Әуезов атындағы Семей
Шырын Асылханқызы                 мемлекеттік университетінің
                                  президенті (келісім бойынша)

Мұсақожаева                     - Қазақ ұлттық музыка академиясының
Айман Қожабекқызы                 ректоры (келісім бойынша)

Мусина                          - Халықаралық бизнес орталығының
Зинадбану Мұқанқызы               директоры (келісім бойынша)

Мұстафина                       - Астана қаласы Сарыарқа ауданының
Сәбила Сапарқызы                  әкімі

Назарбаева                      - Қазақстан Республикасының
Сара Алпысқызы                    Бірінші Ханымы

Новодворская                    - Балалар және жастар ұйымдары
Наталия Борисовна                 қауымдастығының төрайымы
                                  (келісім бойынша)

Рысбекова                       - "Арман" жеке мектеп-гимназиясының
Ардақ Қалымбекқызы                бас директоры (келісім бойынша)

Соловьева                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айгүл Сағадибекқызы               Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                                  Азаматтық альянсінің президенті
                                  (келісім бойынша)

Солтиева                        - "Егемен Қазақстан" республикалық
Жұмагүл Қуанышбекқызы             газеті" АҚ бас редакторының
                                  орынбасары (келісім бойынша)

Судьин                          - Қазақстан Республикасы Парламенті
Александр Сергеевич               Сенаты Төрағасының орынбасары
                                  (келісім бойынша)

Сыздықова                       - "Деловой мир Астана" ЖШС
Шолпан Викторқызы                 директоры, "Деловой мир"
                                  қазақстандық экономикалық
                                  журналының бас редакторы
                                  (келісім бойынша)

Тарасенко                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Елена Ивановна                    Мәжілісінің депутаты (келісім
                                  бойынша)

Тұтқышев                        - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бексұлтан Серікбайұлы             Сенатының депутаты (келісім
                                  бойынша)

Унжакова                        - "Status" әйелдер федерациясының
Ирина Сергеевна                   президенті (келісім бойынша)

Хайруллина                      - "Шығармашылық бастамашы әйелдер
Әсия Үкіқызы                      лигасы" қоғамдық бірлестігі
                                  басқармасының төрайымы
                                  (келісім бойынша)

Шаукенова                       - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Зарема Қаукенқызы                 университеті философия және
                                  саясаттану факультетінің деканы
                                  (келісім бойынша)

Шоқаманов                       - Қазақстан Республикасы Статистика
Юрий Камирұлы                     агенттігінің жауапты хатшысы