Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" және республикалық   
баспасөзде мазмұны жариялануға   
тиіс               

       Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
      2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
      аталған Жарлықтағы 1-тармақта:

"Самақова                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Айткүл Байғазықызы            қорғау министрi - Қазақстан
                              Республикасы Президентiнiң жанындағы
                              Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi
                              ұлттық комиссияның төрайымы"

деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.02.01 № 922 Жарлығымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.08 № 325 Жарлығымен.
      4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:
      3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".
      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы  N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы
4 наурыздағы N 16 өкiмi;
      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы
N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);
      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы
N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2006 жылғы 1 ақпандағы  
N 56 Жарлығымен      
БЕКIТIЛГЕН         

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөнiндегi ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

  1. Жалпы ережелер

     1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
      2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
      3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;
      4) мыналарға:
      экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;
      еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;
      отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;
      халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;
      отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;
      халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;
      демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
      5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;
      6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;
      7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
      9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;
      11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;
      12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, 2014.12.04 № 971 Жарлықтарымен.

  3. Комиссияның өкiлеттiктерi

      4. Комиссия өз құзыретi шегiнде:
      1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;
      4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актілерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;
      6) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы комиссиялардың қызметiн үйлестiруге, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға;
      7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      5. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.
      6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
      6-1. Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.
      Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

  4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.12.04 № 971 Жарлығымен.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi.
      9. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.
      10. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
      11. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
      12. Комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
      3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;
      4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;
      5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
      6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi;
      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, 2014.12.04 № 971 Жарлықтарымен.
      12-1. Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, жаңа редакцияда - 2014.12.04 № 971 Жарлықтарымен.
      13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін Комиссия хатшылығы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

  5. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

      13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, өз қызметiнде Комиссия төрағасына тiкелей бағынатын оның Хатшылығы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.04.17 N 317 Жарлығымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентiнiң
                                             2006 жылғы 1 ақпандағы 
                                                 N 56 Жарлығымен
                                                   БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.12.04 № 971 Жарлығымен.

Әбдіхалықова                 - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы              Мемлекеттік хатшысы, төрайым

Сүлеймен                     - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Ләззат Жаңылысқызы             комиссиясының мүшесі, төраға
                               орынбасары (келісім бойынша)

Тарасенко                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Елена Ивановна                 Мәжілісінің депутаты, төраға
                               орынбасары (келісім бойынша)

Сыздықова                    - «Деловой мир Астана» жауапкершілігі
Шолпан Викторовна              шектеулі серіктестігінің директоры,
                               «Деловой мир» қазақстандық
                               экономикалық журналының бас редакторы,
                               хатшы (келісім бойынша)

Айтпаева                     - Қазақстан Республикасы Бас
Сәуле Мұханбедианқызы          прокуратурасының Құқықтық статистика
                               және арнайы есепке алу жөніндегі
                               комитетінің төрайымы

Әбілдина                     - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген
Қарақат Түлкібайқызы           әртісі (келісім бойынша)

Әбілқасымова                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мәдина Ерасылқызы              экономика вице-министрі

Азимова                      - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы          вице-министрі

Байқошқарова                 - «Экомед» адам ұрпағын өрбіту
Салтанат Берденқызы            емханасының жетекшісі (келісім
                               бойынша)

Бортник                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Михаил Михайлович              Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Ибрагимова                   - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
Ләззат Еркінқызы               акционерлік қоғамының басқарма
                               төрайымы (келісім бойынша)

Қалтаева                     - «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы»
Ләззат Молдабекқызы            қоғамдық бірлестігінің төрайымы
                               (келісім бойынша)

Құрманбаева                  - Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық
Шырын Асылханқызы              университетінің ректоры (келісім
                               бойынша)

Мүкей Айгүл                  - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық
                               компаниясының баспасөз хатшысы
                               (келісім бойынша)

Мұсақожаева                  - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы              ректоры (келісім бойынша)

Назарбаева                   - Қазақстан Республикасының Бірінші
Сара Алпысқызы                 Ханымы (келісім бойынша)

Нүкетаева                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Динар Жүсіпәліқызы             ғылым министрлігінің «Қазақ
                               мемлекеттік қыздар педагогикалық
                               университеті» республикалық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               ректоры (келісім бойынша)

Омарбекова                   - «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық
Жұлдыз Қажыкенқызы             қорының президенті (келісім бойынша)

Сәрсембаева                  - «Қазақстанның іскер әйелдері
Раушан Біргебайқызы            қауымдастығы» республикалық қоғамдық
                               бірлестігінің президенті (келісім
                               бойынша)

Тұтқышев                     - «Назарбаев Университетінің» біріккен
Бексұлтан Серікбайұлы          академиялық денсаулық сақтау жүйесі
                               департаментінің бас менеджері (келісім
                               бойынша)

Хайруллина                   - «Шығармашылық бастамашы әйелдер
Әсия Үкіқызы                   лигасы» қоғамдық бірлестігі
                               басқармасының төрайымы (келісім
                               бойынша)

Шәукенова                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Зарема Қаукенқызы              ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                               философия, саясаттану және дінтану
                               институтының директоры (келісім
                               бойынша)

Ықсанова                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлнар Мұстахимқызы            Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша)