Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139 Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиіс   

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 3)тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  10-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының  қызметін реттеу агенттігі Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік орган ретiнде құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.08.28. N  166 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті