"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабының
3)тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
10-бабына
сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті