Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс  

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.28 N 698 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Жарлығымен).

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына :

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4142 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 362-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2005 жылғы 8 шілдедегі 
N 1611 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереже алынып тасталды ( 1-тармақты ) қараңыз - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.28 N 698 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Жарлығымен)