"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы ереже бекітілсін.
1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына :
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 483-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне:
5-тармақтағы "Мемлекеттік қызмет академиясында" деген сөздер "Мемлекеттік басқару академиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет" деген сөздер алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4142 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 362-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 8 шілдедегі
N 1611 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Академия "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583 Жарлығымен құрылды.
3. Академия жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді іске асыратын, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережеге сәйкес орындайтын, мемлекеттік қызметшілерді, дипломатиялық қызмет персоналын, соттарды, сот жүйесінің және прокуратура органдарының қызметкерлерін, адвокаттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орны болып табылады.
4. Академияның құрылтайшысы мемлекет болып табылады. Мемлекет Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өкілеттік етеді.
5. Академияның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан".
2. Академияның заңдық мәртебесі
7. Академия заңды тұлға болып табылады, мүлкі, дербес балансы, банктерде жеке шоттары болады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз атынан шарттар жасасады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алады және жүзеге асырады.
8. Академияның Мемлекеттік елтаңба бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде және орыс тілінде толық атауы жазылған мөртабандары мен бланкілері, сондай-ақ басқа да деректемелері болады.
3. Академия қызметінің мақсаттары және түрлері
9. Академия қызметінің мақсаттары мемлекеттік қызметшілерді, дипломатиялық қызмет персоналын, соттарды, сот жүйесінің және прокуратура органдарының қызметкерлерін, адвокаттарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік органдардың кадрларын оқытудың бірыңғай жүйесінің тұтастығын, мемлекеттік басқарудың әдістемелік және ғылыми базасын құру болып табылады.
1) мемлекеттік қызметшілерді, дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен қызметшілерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;
2) шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігі, консулдық мекемелері басшыларының біліктілігін арттыруды;
4) соттардың, сот жүйесі және прокуратура органдары қызметкерлерінің, адвокаттардың біліктілігін арттыруды;
5) мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен қызметшілерінің, соттардың, сот жүйесі және прокуратура органдары қызметкерлерінің, адвокаттардың, өзге білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде өңірлік қайта даярлау мен біліктілікті арттыру орталықтарындағы оқу процесіне әдістемелік басшылық жасауды;
6) Мемлекет басшысы мен мемлекеттік органдарға мемлекеттік басқару және сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді;
7) мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, оның ішінде дипломатиялық қызмет, құқық, халықаралық қатынастар салаларында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды және өткізуді; мемлекеттік органдарды мемлекеттік басқару проблемалары бойынша ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз етуді;
8) мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқару кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми және ұйымдық қамтамасыз етуге қатысуды;
9) мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне қойылатын базалық талаптардың ғылыми сараптамасына және мемлекеттік органдардың кадрларын іріктеу мен кәсіби бағалаудың ғылыми әдістерін әзірлеуге қатысуды;
10) мемлекеттік басқару саласындағы шетелдік ғылыми-зерттеу, оқу және баспа ұйымдарымен ынтымақтастықты;
11) мемлекеттік органдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында халықаралық жобалар мен бағдарламаларды ғылыми және ұйымдастыру тұрғысынан сүйемелдеуді жүзеге асырады.
1) оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ақпараттық-талдау және баспа қызметінің барлық түрлерін дербес жоспарлауға және жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік органдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге;
4) Академия түлектеріне мемлекеттік үлгідегі және арнайы үлгідегі дипломдар, арнайы үлгідегі омырауға тағатын белгілерді, өзге де құжаттарды (сертификаттар мен куәліктер) беруге;
5) белгіленген тәртіппен ғылыми атақтар беру жөніндегі диссертациялық кеңестер құруға, ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау үшін докторантура, аспирантура, ізденушілер жүйесін ұйымдастыруға;
6) өзінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатарындағы адамдарға Академияның профессоры және доценті атақтарын беру мәселелері бойынша шешім қабылдауға;
7) Академияның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
9) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) келісімі бойынша Академияның ұйымдық құрылымдарын, штат кестесін әзірлеуге және бекітуге;
10) оқу дәрістерінің түрлері бойынша профессорлық-оқытушылық құрам үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жүктемесінің нормалары мен көлемін дербес бекітуге;
12) Академияның оқытушыларын, қызметкерлерін және тыңдаушыларын мемлекеттік басқару органдарына және/немесе жоғары оқу орындары мен ғылыми, оның ішінде шетелдік ұйымдарға тағылымдамадан өту үшін жіберуге;
13) белгіленген тәртіппен Академияның қызметкерлерін құрметті атақтар беруге және мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен наградтауға ұсынуға;
14) мамандарды ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жұмыстарға сағаттық төлемақымен және қызметті қоса атқару түрімен тартуға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық жалақыларға үстемелер мен қосымшалар, сыйлық беру тәртібі мен көлемін белгілеуге;
16) ғылыми-зерттеу, білім беру мен ақпараттық-талдау және баспа қызметтерін көрсету жөніндегі ықтимал атқарушы ретінде мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысуға;
17) оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен консультациялар өткізу үшін шетелдік мамандарды тартуға, сондай-ақ шетелдік ғылыми-зерттеу, оқу және баспа ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асыруға;
18) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқу, әдістемелік, ғылыми, ақпараттық әдебиеттерді сатуға;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған және осы Ережеге қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Білім беру процесін ұйымдастыру
14. Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте оқу процесін дербес жүргізеді.
16. Оқудың мазмұны үлгілік оқу жоспары негізінде әзірленген оқу жоспарымен және бағдарламалармен, сондай-ақ тәжірибелік жоспарлар мен бағдарламалар бойынша айқындалады.
17. Білім беру процесінің барлық бағыттары бойынша оқу нысаны - күндізгі және/немесе сырттай. Академия оқудың өзге де нысандарын қарастыруы мүмкін.
20. Білім алушылардың білімдеріне ағымдағы бақылау, аралық аттестация жүйесі, оларды өткізу нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
21. Академия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша өткізілетін негізгі қызмет түрлерін қоспағанда, шарттық негізде, оның ішінде:
6) ұсынымдар әзірлеу бойынша білім беру қызметін көрсетуге хақылы.
Шарттық негізде білім беру қызметтерін көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Академия айқындайды.
22. Академия қызметінің мәселелерін қарау және жедел шешу үшін ректорат құрылады. Ректораттың құрамы мен қызметінің регламентін ректор бекітеді.
23. Академия қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін Академияның ректор басқаратын ғылыми кеңес құрылады. Ғылыми кеңестің құрамы мен ол туралы ережені ректор бекітеді.
1) оқу бағдарламалары мен жоспарларын, білім берілетін мамандықтардың нысандары мен тізбесін бекітеді;
6) профессорлық-оқытушылық құрамға доцент және профессор ғылыми атақтарын беру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетіне өтініш жасау жөнінде қаулы қабылдайды.
25. Академияға тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ректор жүзеге асырады.
4) Академияның барлық қызметкерлері мен Академияда білім алушы адамдар орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, Академия бөлімшелерінің регламенттерін және олар туралы ережелерді бекітеді;
5) Академияның магистранттарын, аспиранттарын, докторанттарын және тыңдаушыларын оқуға қабылдау және оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарады;
10) Академияға қабылдау тәртібін және қабылдау комиссиясы туралы ережені, қабылдау комиссиясының және мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Академияның вице-ректорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
29. Академия Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сұранысын ескере отырып Агенттікпен келісім бойынша:
2) қысқа мерзімді курстарда мемлекеттік органдар кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарларын бекітеді;
3) Академия тыңдаушыларының мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
7. Академияда білім алушылардың мәртебесі
30. Академияда білім алушылардың контингенті қабылдау ережелеріне сәйкес жасақталады.
31. Мемлекеттік тапсырыс шегінде оқудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға әдеттегідей, соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерінде, бірақ мемлекеттік жоғары оқу орындарының аспиранттарына белгіленген стипендия мөлшерінен төмен емес стипендия тағайындалады.
32. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу кезеңі мемлекеттік және/немесе дипломатиялық қызметтердің өтіліне есептеледі.
33. Академияда білім алушы тыңдаушылар мен олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соңғы жұмыс орны бойынша көзделген материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету сақталады. Сырттан келген білім алушылар үшін жатақханадан орын беріледі.
34. Академияда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жолдамасы бойынша білім алушыларға оқуды аяқтаған кезде кезекті дипломатиялық шен беріледі.
35. Магистратура бағдарламаларын табысты аяқтаған Академия түлектеріне айрықша үлгідегі диплом, сондай-ақ омырау белгісі беріледі. Академия дипломының және омырау белгісінің үлгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8. Академияның мүлкі мен қаражаты
36. Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Академияның профессор-оқытушылар құрамына және басқарушы қызметшiлерiне еңбекақы төлеу қоры олардың белгiленген мөлшердегi лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) 1,5-нан 2,5-ға дейiн арттыру коэфициенттерi ecкеріле отырып, айқындалады.
Лауазымдық жалақыны арттыру коэфициентiнiң нақты мөлшерi лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекiтетiн тәртiппен белгiленедi.
Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 8 шiлдедегi
N 145
Жарлығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
.
37. Академия өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшасымен жауап береді. Академия өзіне бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге хақылы емес.
38. Академияның негізгі қызметтеріне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
9. Академия қызметінің есебі, есептілігі және оны бақылау
39. Академияның қаржы-шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.