Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

ҚР ПҮАЖ-нда және    
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

           "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):

      1-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
      қызмет істері жөніндегі агенттігі                       164,
      соның iшiнде аумақтық органдар                          120"
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
      қызмет iстерi агенттiгі                                 253,
      соның ішiнде аумақтық органдар                          204";

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен;

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      6) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.

       7) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат):

      1-қосымшада:

"Облыстар-   4,97 5,22 5,47 5,72 5,96 6,11 6,26 6,41 6,56 6,61 6,71"
дың, астананың
және Алматы
қаласы әкiм-
дерiнiң орын-
басарлары
және тәртiптiк
кеңестің
төрағалары

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстар,  4,97 5,22 5,47 5,72 5,96 6,11 6,26 6,41 6,56 6,61 6,71".
Астана және
Алматы қалалары
әкiмдерiнiң
орынбасарлары,
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттiк
қызмет iстерi
агенттiгi
аумақтық
органдарының
басшылары -
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттiк
қызмет iстерi
агенттiгiнiң
облыстардағы,
Астана және
Алматы
қалаларындағы
тәртiптiк
кеңестерiнiң
төрағалары
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң        
2005 жылғы 30 маусымдағы  
N 1598 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН         

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).