"Актілер жинағында"
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Республикалық ұлан туралы Ереженi бекiту туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3396 Жарлығының 1-тармағының;
3) "Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 3855 Жарлығының 2-тармағының;
4) "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшiлерiнің, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалпы штат санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығының 6-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 28 тамыздағы
N 1428 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
Ереже
Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының (бұдан әрi - Республикалық ұлан) мәртебесiн, өкiлеттiгін және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық ұлан - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, әскери құрама болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және қызметiн "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк орган.
2. Республикалық ұлан қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Республикалық ұлан мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрлерi және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртабанда мен белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары болады.
4. Республикалық ұлан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өзiнiң атынан түседi.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi уәкiлеттік берiлсе, Республикалық ұланның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
5. Республикалық ұлан өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгімен, Қарулы Күштерiмен, басқа да әскерлермен және әскери құрамаларымен, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдарымен өзара iс-қимылда атқарады.
6. Республикалық ұлан өз құзыретi шегiнде өзiнiң қызметiн реттейтiн бұйрықтар мен директивалар шығарады, олардың Республикалық ұланның барлық адам құрамы үшiн мiндеттi күші болады.
7. Республикалық ұланның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
8. Республикалық ұланның заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесi, 27.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.24. N 1506 жарлығымен.
9. Республикалық ұланның толық атауы - "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы" мемлекеттік мекемесi.
10. Осы Ереже Республикалық ұланның құрылтайшы құжаты болып табылады.
2. Республикалық ұланның мiндеттерi,
функциялары мен құқықтары
11. Республикалық ұланның мiндеттерi:
1) күзетілетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу;
2) рәсімдік жоралғыларды атқаруға қатысу; U060201
3) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын аса маңызды мемлекеттiк объектілердi, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының эталондарын күзету;
5) соғыс және төтенше жағдай режимi жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген өзге де мiндеттер болып табылады.
12. Республикалық ұлан өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жауынгерлiк және оперативтiк әзiрлiкте ұстау, жауынгерлiк дайындық, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
2) жауынгерлiк және жедел әзiрлiктiң жай-күйін бақылайды, үйлестiредi, қызметiн бағыттайды және оған инспекция жасайды;
3) құрылымдық бөлiмшелердi жасақтауды, тереңдетiлген медициналық куәландыру жүргiзе отырып, әскери қызметке кәсiби iрiктеудi ұйымдастырады;
4) материалдық-техникалық құралдарды сатып алуды ұйымдастырады және оларды тиiмдi жұмсау мен пайдалануды, өзiн ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаржыны алуды қамтамасыз етедi;
5) қызметтiк үй-жайлардың, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық және шаруашылық мақсаттағы объектiлердiң құрылысын салу мен жөндеудi ұйымдастырады, оған бақылау жасайды;
6) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң медициналық қамтамасыз етiлуiн, тұрғын үй, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнiндегі iс-шараларды iске асырады;
7) қарулануға (жабдықтау мен пайдалануға) қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң және әскери техниканың жаңартылған жаңа үлгiлерiн қабылдауды, сондай-ақ қаруланудан (жабдықтаудан, пайдаланудан) ескi үлгiлерiн шығаруды ұйымдастырады;
8) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ оларды өз бетiнше әзiрлейдi;
9) Республикалық ұланның мұқтажы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және шарт-талап және қуыным жұмыстарын жүзеге асырады; Z070303
10) өзге де функциялар.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Республикалық ұланның:
1) барлық адам құрамының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
2) жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;
3) өз мiндеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдардың құқыққа қарсы әрекетiн тоқтатуды талап етуге, ал талапты орындамаған жағдайда "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Заңда көзделген шараларды қолдануға;
4) күзетілетiн объектiлерге өткiзу кезiнде азаматтардың және лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге;
5) күзетiлетiн адамдарға немесе күзетiлетiн объектiлерге қатысты құқыққа қарсы әрекет жасаған адамдарды ұстауға, кейiннен оларды құқық қорғау органдарына тапсыруға;
6) күзетiлетiн объектiлерде көлiк құралдары мен жүктерге жете тексеру жүргiзуге;
7) қару, әскери техника мен арнайы құралдарды қолдануға;
8) төтенше жағдай жағдайында мiндеттерiн атқару кезiнде телекоммуникациялық желiлердi пайдалануға;
9) қару-жарақ, арнайы құралдар мен техника сатып алуға;
10) өз қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге құқығы бар.
3. Республикалық ұланның мүлкi
14. Республикалық ұланның оперативтiк басқару құқығында ерекшеленген мүлкі болады.
Республикалық ұланның мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ баланста құны көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.
15. Республикалық ұланға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
4. Республикалық ұланның қызметін ұйымдастыру
16. Республикалық ұланға Республикалық ұланның Қолбасшысы басшылық жасайды, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. Қолбасшының екі орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Республикалық ұлан Қолбасшысының орынбасарлары мен құрамаларының командирлерiн Қолбасшының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Қолбасшы Республикалық ұланның жұмысын ұйымдастырады, оған жетекшiлiк етедi және Республикалық ұланға жүктелген мiндеттердi орындауға, сондай-ақ оның өз функцияларын жүзеге асыруына тiкелей жауап бередi.
19. Қолбасшы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және өз құзыреті шегiнде:
1) өз орынбасарларының, Республикалық ұлан құрамалары мен бөлiмдерi командирлерiнің штатқа сай мiндеттерiн белгілейдi;
2) Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне, жауынгерлiк даярлығына жетекшілік етедi және оның жай-күйiне бақылауды жүзеге асырады;
3) Республикалық ұланды әскери қызметшiлермен жасақтау жоспарын бекiтедi;
4) Республикалық ұланға ведомстволық қарасты мемлекеттiк мекемелердi құру, қайта құру және тарату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Республикалық ұлан құрамаларының, әскери бөлiмдерi мен орталық аппаратының құрылымы мен штатын бекiтедi;
6) Республикалық ұлан құрамалары командирлерiнiң орынбасарларын қосқанға дейінгі лауазымдарға қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады;
7) бастапқы офицерлiк атақты және қоса алғанда полковникке дейiнгi офицерлік атақтарды бередi;
8) Республикалық ұланның бұйрықтарын, директиваларын шығарады, жоспарларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн, әскери және арнаулы дайындық бағдарламаларын бекiтедi;
9) барлық мемлекеттiк және өзге ұйымдарда Республикалық ұлан атынан өкiлдiк етедi;
10) Республикалық ұланның әскери қызметшілерiне жоғары әскери атақ беру және әскери қызметшiлерiн, қызметшiлерi мен жұмысшыларын наградтау туралы, сондай-ақ құрметтi атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
11) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшілерiн наградтайды, марапаттайды және оларға тәртіптік жазалар қолданады; U070364
12) өз құзыреті шегiнде қызметке тағайындайды, қызмет бабында жылжыту, әскери атақтар беру мен төмендету, сондай-ақ әскери қызметшілердi Республикалық ұлан қатарынан запасқа шығару және орнынан түсiру мәселелерiн шешедi;
13) Республикалық ұланның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
14) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ қызметшілерi мен жұмысшыларының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшiн олардың шағымдарын, арыздарын қарауды ұйымдастырады;
15) Республикалық ұланның Қазақстан Республикасы Президентінiң Күзет қызметiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Қарулы күштерiмен, басқа да әскерлер және әскери құрамаларымен, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
16) қызметтік куәлiктердiң үлгілерін, оларды берудiң және есепке алудың тәртiбiн белгілейдi;
17) әскери қызметшілердi Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң оқу орындары мен әскери-оқу орындарына оқуға жіберудің ережесiн бекiтедi;
18) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн арнайы тексеруден өткiзудi ұйымдастырады;
19) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделi қаражат салымдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негiзгі түрлерiне тапсырыс берудің, сатып алудың көлемiн бекiтедi, оларды, сондай-ақ қарамағындағы құрамаларға және әскери бөлiмдерге бюджеттік қаржыны бөледi.
20. Республикалық ұланда Ұлан кеңесi құрылады, оның саны мен дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Қолбасшы бекiтедi.
21. Қолбасшы уақытша болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мiндеттерiн орынбасарларының бiрi атқарады.
22. Республикалық ұлан әскери қызметшілерінің жауынгерлiк қызмет атқаруы әскери тапсырманы орындау болып табылады және өздiгімен де, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен бiрлесiп те өткiзетiн iс-шаралар кешенiн жүзеге асыруға негiзделедi.
Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк-жауынгерлік мiндеттердi бiрлесiп орындау барысында Күзет қызметінің лауазымды адамы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi үшiн оперативтiк бастық болып табылады.
5. Республикалық ұланды қайта ұйымдастыру
және тарату
23. Республикалық ұланды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.