Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 1415 Жарлығы

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына:

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесiнде:

"Облыстық, Астана, Алматы   Iшкi iстер   Iшкi iстер   Президентпен
қалалық iшкi iстер басқар.  министрi     министрi     немесе оның
маларының, көлiктегi iшкi                             тапсыруы
iстер басқармаларының (бac                            бойынша
басқармалар) бастықтары                               Әкiмшiлiк
                                                      Басшысымен"

      деген жол "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздерден кейiн ", Премьер-Министрмен" деген сөздермен толықтырылсын,

"Қазақстан Республикасы.    Iшкi iстер    Ішкі iстер   Әкiмшiлiк
ның Iшкi iстер министрлiгi. министрi      министрi     Басшысымен"
нiң орталық аппараты
департаменттерiнiң және
Академиясының
бастықтары

      деген жол "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

"Қазақстан Республикасы     Кедендiк     Кедендiк     Әкiмшiлiк
Кедендiк бақылау агенттiгi  бақылау      бақылау      Басшысымен"
орталық аппараты департа.   агенттігiнiң агенттiгiнiң
менттерiнiң бастықтары,     төрағасы     төрағасы
облыстар, Астана және
Алматы қалалары кеден
басқармаларының
бастықтары

      деген жолдардағы "кеден басқармаларының" деген сөздер "кедендiк бақылау департаменттерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын; "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

"Төтенше жағдайлар          Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
жөнiндегі агенттiктiң орта. жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
лық аппараты департа.       жөнiндегi    жөнiндегi
менттерiнiң бастықтары      агенттiк     агенттiк
(директорлары)              төрағасы     төрағасы

Облыстардың, Астана және    Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
Алматы қалалары төтенше     жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
жағдайлар жөнiндегi         жөнiндегi    жөнiндегi
басқармаларының             агенттiк     агенттiк
бастықтары                  төрағасы     төрағасы

Облыстардың, Астана және    Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
Алматы қалалары мемле.      жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
кеттiк өртке қарсы қызметi  жөнiндегi    жөнiндегi
бас басқармаларының         агенттiк     агенттiк
(басқармаларының)           төрағасы     төрағасы
бастықтары

Облыстар, Астана және       Әдiлет       Әдiлет       Әкімшілік
Алматы қалалары әдiлет      министрi     министрi     Басшысымен"
департаменттерiнiң бастық.
тары, облыстар, Астана
қаласы, Алматы қаласы
және Алматы облысы
бойынша Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi
басқармаларының бастық.
тары, Әдiлет министрлiгi
"Сот сараптамасы
орталығы" мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры

      деген жолдар "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Облыстар, Астана және      Ақпарат      Ақпарат      Премьер-
Алматы қалалары ақпарат     министрi     министрi     Министрмен,
басқармаларының                                       Әкiмшiлiк
бастықтары                                            Басшысымен";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде:
      4-тармақтың бесiншi абзацындағы "кеден басқармаларының" деген сөздер "кедендiк бақылау департаменттерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын,

      9-тармақтан кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:

"Орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшы лауазымды адамдары бойынша

      9-1. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкiмшілігінiң Басшысы өзгедей шешiм қабылдамаса, облыстар, Астана және Алматы қалалары ақпарат басқармаларының бастықтары қызметтеріне тағайындалуға кандидатуралар Президент Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат пен Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармаларында алдын ала зерделенуге тиiс.
      Ұсынылған кандидатураларды зерделеудiң нәтижесiн Iшкi саясат басқармасы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасымен бiрлесе отырып, келiсiм берудiң мүмкiндiгі немесе мүмкiн еместігi туралы Әкiмшілiк Басшысының қарауына ұсынылатын қорытынды түрiнде ресiмдейдi.";

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті