Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 1415 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегі N 372  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат):

      Жарлықтың мәтiнi мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Мемлекеттiк қызметтi тоқтатқан адамдар мемлекеттiк саяси қызметке қайтадан кiре отырып, антты қайта қабылдайды.";

      2) "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828  Жарлығына :

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесiнде:

"Облыстық, Астана, Алматы   Iшкi iстер   Iшкi iстер   Президентпен
қалалық iшкi iстер басқар.  министрi     министрi     немесе оның
маларының, көлiктегi iшкi                             тапсыруы
iстер басқармаларының (бac                            бойынша
басқармалар) бастықтары                               Әкiмшiлiк
                                                      Басшысымен"

      деген жол "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздерден кейiн ", Премьер-Министрмен" деген сөздермен толықтырылсын,

"Қазақстан Республикасы.    Iшкi iстер    Ішкі iстер   Әкiмшiлiк
ның Iшкi iстер министрлiгi. министрi      министрi     Басшысымен"
нiң орталық аппараты
департаменттерiнiң және
Академиясының
бастықтары

      деген жол "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

"Қазақстан Республикасы     Кедендiк     Кедендiк     Әкiмшiлiк
Кедендiк бақылау агенттiгi  бақылау      бақылау      Басшысымен"
орталық аппараты департа.   агенттігiнiң агенттiгiнiң
менттерiнiң бастықтары,     төрағасы     төрағасы
облыстар, Астана және
Алматы қалалары кеден
басқармаларының
бастықтары

      деген жолдардағы "кеден басқармаларының" деген сөздер "кедендiк бақылау департаменттерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын; "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

"Төтенше жағдайлар          Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
жөнiндегі агенттiктiң орта. жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
лық аппараты департа.       жөнiндегi    жөнiндегi
менттерiнiң бастықтары      агенттiк     агенттiк
(директорлары)              төрағасы     төрағасы

Облыстардың, Астана және    Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
Алматы қалалары төтенше     жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
жағдайлар жөнiндегi         жөнiндегi    жөнiндегi
басқармаларының             агенттiк     агенттiк
бастықтары                  төрағасы     төрағасы

Облыстардың, Астана және    Төтенше      Төтенше      Әкiмшілiк
Алматы қалалары мемле.      жағдайлар    жағдайлар    Басшысымен
кеттiк өртке қарсы қызметi  жөнiндегi    жөнiндегi
бас басқармаларының         агенттiк     агенттiк
(басқармаларының)           төрағасы     төрағасы
бастықтары

Облыстар, Астана және       Әдiлет       Әдiлет       Әкімшілік
Алматы қалалары әдiлет      министрi     министрi     Басшысымен"
департаменттерiнiң бастық.
тары, облыстар, Астана
қаласы, Алматы қаласы
және Алматы облысы
бойынша Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi
басқармаларының бастық.
тары, Әдiлет министрлiгi
"Сот сараптамасы
орталығы" мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры

      деген жолдар "Әкiмшiлiк Басшысымен" деген сөздердiң алдынан "Премьер-Министрмен," деген сөздермен толықтырылсын,

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Облыстар, Астана және      Ақпарат      Ақпарат      Премьер-
Алматы қалалары ақпарат     министрi     министрi     Министрмен,
басқармаларының                                       Әкiмшiлiк
бастықтары                                            Басшысымен";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде:
      4-тармақтың бесiншi абзацындағы "кеден басқармаларының" деген сөздер "кедендiк бақылау департаменттерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын,

      9-тармақтан кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:

"Орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшы лауазымды адамдары бойынша

      9-1. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкiмшілігінiң Басшысы өзгедей шешiм қабылдамаса, облыстар, Астана және Алматы қалалары ақпарат басқармаларының бастықтары қызметтеріне тағайындалуға кандидатуралар Президент Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат пен Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармаларында алдын ала зерделенуге тиiс.
      Ұсынылған кандидатураларды зерделеудiң нәтижесiн Iшкi саясат басқармасы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасымен бiрлесе отырып, келiсiм берудiң мүмкiндiгі немесе мүмкiн еместігi туралы Әкiмшілiк Басшысының қарауына ұсынылатын қорытынды түрiнде ресiмдейдi.";

      3) "Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 524-құжат; 2004 ж., N 21, 265-құжат):

      аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның құрамына:

Нығматулин                 - Қазақстан Республикасы Президентi
Нұрлан Зайроллаұлы           Әкiмшілігі Басшысының орынбасары -
                             Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр
                             саясаты басқармасының бастығы,
                             төрағаның орынбасары енгізiлсiн;

      мына жол:

"Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасы Президентi
Бауыржан Әлiмұлы             Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары -
                             Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр
                             саясаты басқармасының бастығы,
                             төрағаның орынбасары

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасы Президентi
Бауыржан Әлiмұлы             Әкiмшілігі Басшысының орынбасары -
                             Мемлекеттiк-құқық басқармасының
                             бастығы";

      аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті