Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 1071 Жарлығы

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен;

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 

      4) "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітiлген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Азаматты мемлекеттiк қызметке мерзiмдi еңбек шарты бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:
      "4-1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға ауыстыру тәртiбiмен орналасуы
      18-1. Мемлекеттiк органның басшысы осы мемлекеттiк органның немесе басқа мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкімшiлiк қызметшiсiн тиiстi бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келгенде және мемлекеттiк қызметшiнiң өзi мен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi болғанда, ауыстыру тәртiбiмен бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына тағайындауға хақылы.
      18-2. Мемлекеттiк орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауыстыру тәртiбiмен тағайындауға келiсiм беру үшiн уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
      1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға ауыстыру тәртiбiмен орналасуға өтiнiшi;
      2) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған, толтырылған қызмет тiзiмi.
      18-3. Уәкілеттi орган табыс етiлген құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) тағайындауға келiсiм бередi;
      2) келiсiм беруден бас тартады.
      18-4. Келiсiм беруден бас тартудың негiздерi мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға қойылатын бiлiктілік талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 18-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын;
      "24-1. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқу бiтiрген адамдардың мемлекеттiк қызметтi өткеруiне мониторингтi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
      27-тармақ 12) тармақшадағы "уақыты қосылады" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) осы Ереженің 7 және 16-тармақтарына сәйкес бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқаратын адамдардың жұмыс уақыты қосылады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 

      2. Осы Жарлық 2003 жылғы 14 сәуiрден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi