Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 1071 Жарлығы

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен;

      2) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткізу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 1-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiнде:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1 Аттестация өзiне бiрқатар дәйектi кезеңдi қамтиды:
      1) аттестация өткiзуге дайындық;
      2) мемлекеттiк қызмет icтеpi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестациялануға тиiс қызметшiнiң сынақтан өтуi;
      3) аттестация комиссиясының қызметшiмен әңгіме жүргiзуi;
      4) аттестация комиссиясының шешiм шығаруы.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      5) мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу.";
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Аттестация комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезiнде лауазымдардың осы санаты үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мәннен (бұдан әрi - шектi мән) төмен емес баға алған қызметшiмен әңгiме жүргiзiп мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшiн кадрлар резервiне ұсынылады;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес;
      3) қайтадан аттестациялануға тиiс;
      4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.";
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Сынақтан өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған қызметшi әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
      Бұл peттe қызметшiге уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қайта сынақтан өту құқығы беріледі.
      Егер қайта сынақтан өту кезiнде қызметшi тағы да шектi мәннен төмен баға алса, аттестация комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) қайтадан аттестациялануға тиiс;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.";
      27-тармақтағы "сынақ," деген сөз алынып тасталсын;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Қайта аттестациялау бастапқы аттестация өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы Ережеде айқындалған тәртiппен өтедi. Бастапқы аттестациялауда сынақтан өткен кезде шектi мәннен жоғары баға алған қызметшi қайта аттестациялау кезiнде әңгiмелесуге қайта сынақтан өткiзiлмей жiберіледi.
      Аттестация комиссиясы қайта аттестациялау өткiзiп, мынадай шешімдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.
      Бастапқы аттестациядан өткен кезде шектi мәннен төмен баға алған қызметшіге қайта аттестациялау кезiнде сынақтан өту құқығы бiр рет қана берiледi. Қызметшi осы сынақтан өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алса, аттестация комиссиясы қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.";
      32-тармақ "және олардың көшірмелерi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне жолданады." деген сөздермен толықтырылсын;

      3) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережеде:
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "азаматтардан құрады" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) аттестациядан өткен және аттестация комиссиясы кадр резервiне есепке алу үшiн ұсынған мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтардан құрады.";
      мынадай мазмұндағы 5-1 тараумен толықтырылсын:
      "5-1. Аттестациядан өткен және аттестация комиссиясы кадр резервiне есепке алуға ұсыным жасаған мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшілерден кадр резервiн жасақтаудың тәртiбi
      32-1. Аттестация комиссиясының уәкілеттi органға аттестациядан өткен және атқаратын лауазымында жоғары кәсiби деңгейiне қол жеткiзген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi (бұдан әрi - аттестацияланғандар) олар осы санаттарға қойылатын бiлiктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жоғары санаттағы лауазымдарға кадр резервiне есепке алу үшiн ұсынуға құқығы бар.
      32-2. Аттестация өткiзген мемлекеттiк орган кадр резервiне есепке алу үшiн аттестация комиссиясының шешiмi бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға аттестациядан өтушiнiң мынадай құжаттарын ұсынады:
      1) аттестация комиссиясының шешiмiн бекiту туралы бұйрықтан үзiндi көшiрме;
      2) уәкiлетті орган белгiлеген нысандағы қызметшiнiң өтiнiшi;
      3) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс парағы.
      32-3. Уәкілеттi орган осы Ереженiң 32-2-тармағында көзделген құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кадр резервiне есепке алу немесе мұндай есепке алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Кадр резервiне есепке алудан бас тартудың негiздерi аттестацияланушының жоғары санаттағы лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 32-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.";

      4) "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітiлген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Азаматты мемлекеттiк қызметке мерзiмдi еңбек шарты бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:
      "4-1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға ауыстыру тәртiбiмен орналасуы
      18-1. Мемлекеттiк органның басшысы осы мемлекеттiк органның немесе басқа мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкімшiлiк қызметшiсiн тиiстi бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келгенде және мемлекеттiк қызметшiнiң өзi мен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi болғанда, ауыстыру тәртiбiмен бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына тағайындауға хақылы.
      18-2. Мемлекеттiк орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауыстыру тәртiбiмен тағайындауға келiсiм беру үшiн уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
      1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға ауыстыру тәртiбiмен орналасуға өтiнiшi;
      2) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған, толтырылған қызмет тiзiмi.
      18-3. Уәкілеттi орган табыс етiлген құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) тағайындауға келiсiм бередi;
      2) келiсiм беруден бас тартады.
      18-4. Келiсiм беруден бас тартудың негiздерi мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға қойылатын бiлiктілік талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 18-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын;
      "24-1. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқу бiтiрген адамдардың мемлекеттiк қызметтi өткеруiне мониторингтi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
      27-тармақ 12) тармақшадағы "уақыты қосылады" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) осы Ереженің 7 және 16-тармақтарына сәйкес бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқаратын адамдардың жұмыс уақыты қосылады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық 2003 жылғы 14 сәуiрден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi