Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 29 тамыз N 939

Жаңартылған

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-бап):
      аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 331
      оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің
      "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты 6" деген жолдар алынып тасталсын;
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.03.31 N 1327 Жарлығымен;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 мамырдағы N 868 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.03.31 N 1327 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің аумақтық органдары штат санының лимитін қысқарту есебінен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының штат саны лимитін ұлғайтсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Президенті