1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-бап):
аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 331
оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты 6" деген жолдар алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 U020806_ Жарлығына:
1-тармағында "325" саны "345" санымен алмастырылсын;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 мамырдағы N 868 U020868_ Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің аумақтық органдары штат санының лимитін қысқарту есебінен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының штат саны лимитін ұлғайтсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы Президент Әкімшілігінің Басшысы Президенттің көмекшілері Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Президенттің кеңесшілері Кеңсе Мемлекеттік-құқық бөлімі Ішкі саясат бөлімі Ұйымдастыру-бақылау бөлімі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы Баспасөз қызметі Жүйелі зерттеулер орталығы Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі Протокол қызметі Кадр жұмысы бөлімі Президенттің Парламенттегі Өкілдігі Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты Бухгалтерия Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.