"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық
заңның
16-бабының 2) тармақшасына және "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
8-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956
Жарлығы
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, N 17, 137-құжат);
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3012
өкiмi
;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентінің 19996 жылғы 18 маусымдағы N 3038
Жарлығының
күші жойылды деп тану туралы" Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы 5 тамыздағы
N 917 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң (бұдан әрi - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Есеп комитетi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
3. Есеп комитетiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен айқындалады.
4. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына және 57-бабының 1) тармақшасына сәйкес жасақталады.
5. Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, мүшелерi және аппараты құрайды.
6. Есеп комитетiнiң қызметiн қаржыландыруға арналған қаражат республикалық бюджетте жеке жолмен көзделедi.
7. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн бюджет заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
3) бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес Үкiметтiң мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын және басқа да шығыстарын орындауға арналған республикалық бюджеттiң, кредиттердiң, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау;
4) республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығын бақылау болып табылады.
2. Есеп комитетiнiң өкілеттiктерi мен құқықтары
8. Есеп комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды талдауға, қорытындыларына және нәтижелерiне, оның кiрiстерiне салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне заң актiлерiнде белгiленген мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар табыс еткен бақылау жүргiзу актiлерiн талдайды және осы органдар жүзеге асыратын республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылаудың пәрмендiлiгiн арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынымдар бередi;
5) бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларының республикалық бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
6) республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылау стандарттарын бекiтедi.
9. Есеп комитетi:
1) республикалық бюджеттiң есебiнен қамтылған мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын сақтауын;
республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (шағын бағдарламалардың) атқарылуын және кредиттердiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуын;
мемлекеттiк органдардың республикалық бюджетке түсiмдерiнiң толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету бөлiгiндегi қызметiн;
республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап бөлiнген қаражатты бақылауды жүзеге асыруға;
2) республикалық бюджеттiң есебiнен қамтылған мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есебiн бақылауды жүзеге асыруға;
3) республикалық бюджеттiң, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражаттарының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнен және бақылау объектiлерiнен республикалық бюджет қаражатының түсу толықтығына және пайдаланылуына қатысты мәселелер жөніндегі қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратуға және алуға;
5) бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (шағын бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен мақсатқа сай екендiгiне баға беруге;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен бақылау объектiлерiнiң банк шоттары бойынша республикалық бюджет қаражатының түсуi, аударылуы және мақсатты пайдаланылуы бөлiгiнде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды тексеру қорытындылары туралы мәлiметтердi сұратуға және алуға;
7) республикалық бюджеттiң атқарылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы жөнiндегi жобаларды әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге
8) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын жұмысқа тартуға;
9) өзi белгiлеген мерзiмдерде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
10) республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану кезiнде бюджет заңнамасын бұзуға жол берген ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктердегi шоттары бойынша операцияларды бақылау iс-шаралары жүргiзiлген кезде тоқтата тұру туралы ұсыныстарды қарау үшiн мемлекеттiк органдарға жiберуге;
11) бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының республикалық бюджеттiң атқарылуы мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға;
12) Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетi анықтаған, бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауы фактiлерi бойынша ұсынымдар енгiзуге;
13) заңнамада белгiленген тәртiппен Есеп комитетi қызметiнiң мәселелерi жөнiнде тиiстi мамандардың қызметтерiн пайдалануға;
14) бақылау объектiлерi лауазымды тұлғаларының республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдары мен ұсынымдарды белгiленген тәртiппен құқық қорғау органдарына беруге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы.
3. Есеп комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
10. Есеп комитетiн Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайтын Төраға басқарады.
11. Есеп комитетiнiң Төрағасы:
1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзіне жүктелген мақсаттар мен мiндеттердiң орындалуы үшін Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында дербес жауапты болады;
2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысымен келiсiм бойынша Есеп комитетiнiң жылдық жұмыс жоспарын бекiтедi;
3) Есеп комитетiнiң лауазымды тұлғалары арасында мiндеттердi бөледi, Есеп комитетi мүшелерiнiң және Есеп комитетi аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
4) өз құзыреті шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды;
5) Есеп комитетiн қамту үшiн республикалық бюджетте көзделген қаржының шегiнде оның штат кестесi мен шығыстар сметасын бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Есеп комитетiнiң жалпы штат санының шегiнде Есеп комитетi аппаратының құрылымын бекiтедi;
7) Есеп комитетiнiң жылдық жұмыс жоспарының шеңберiнде жүзеге асырылатын бақылау iс-шараларының жоспарын бекiтедi, тексерулердiң кезеңдiлiгi мен ұзақтығын айқындайды;
8) Есеп комитетiнiң мүшелерiне тексерулер жүргiзу жөнінде тапсырмалар бередi;
9) Есеп комитетi қызметiнiң регламентiн бекiтедi;
10) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) республикалық және шетелдiк ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Есеп комитетiнiң атынан өкiлдiк етедi;
12) Есеп комитетi Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi органдар құруға хақылы;
13) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары алқаларының отырыстарына қатысуға хақылы;
14) құпиялылық режимiн, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға хақылы;
15) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау iс-шараларын жүргiзуге байланысты мәселелер жөнiндегi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге және алуға хақылы;
16) бақылау нәтижелерiн бұрмалағаны, мемлекеттiк органдарға беретiн және жария түрде берiлетiн ақпараттың дұрыстығы, заңмен белгiленген құпияны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады;
17) бақылау объектiлерiнiң лауазымды тұлғаларының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы заңнама талаптарын сақтамауының Есеп комитетi анықтаған фактiлерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыным енгiзедi;
18) осы Ереженiң 15-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған Есеп комитетi мүшесінің өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын доғару туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзуге не Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi немесе Сенаты тағайындаған Есеп комитетi мүшесiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын доғару туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының қарауына енгiзу туралы ұсыныстарға хақылы;
19) өзi орнында болмаған жағдайда Есеп комитетi Төрағасының мiндеттерiн Есеп комитетi мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12. Есеп комитетiнiң мүшелерi:
1) өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерiлетiн бақылау объектiлерiнiң жұмысына кедергі жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауға тиiс;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары алқаларының отырыстарына қатысуға хақылы;
3) құпиялылық режимiн, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамаға кедергiсiз қол жеткiзе алады;
4) өздерi белгiлеген мерзiмдерде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер жөнiндегi қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге және алуға хақылы;
5) өздерi басқаратын қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз құзыретiнiң шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды;
6) бақылауды тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемдерiн айқындай отырып, тексеру бағдарламаларын бекiтедi;
7) тексерулер жүргiзу жөнiнде Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерiне тапсырмалар бередi;
8) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн бақылау-тексеру, сараптама-талдау, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн ұйымдастырады;
9) бақылау нәтижелерiн бұрмалағаны, мемлекеттiк органдарға беретiн және жария түрде берiлетiн ақпараттың дұрыстығы, заңда белгiленген құпияны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне Республика Президентi қол қоятын белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi.
14. Республика Президентi тағайындаған Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Республика Президентiнiң шешiмiмен тоқтатылады. Республика Парламентiнiң тиiстi палаталары тағайындаған Есеп комитетi мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң немесе Сенатының шешiмдерiмен тоқтатылады.
15. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшесi:
1) орыннан түсуiнiң қабылдануына;
2) өздерiне қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне;
3) белгiленген тәртiппен әрекетке шектеулi қабiлеттi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылуына;
4) антын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және осы Ереженi бұзуына, өз мәртебесiмен сыйыспайтын жат қылық жасауына;
5) қайтыс болуына орай, сондай-ақ хабарсыз кеттi деп танылған немесе дүние салды деп хабарланған жағдайда мерзiмiнен бұрын қызметiнен босатылуы мүмкiн.
16. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшесiнiң лауазымы Парламент депутатының мандатымен, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да сайланбалы және ақы төленетiн қызметтермен сыйыспайды.
17. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, сондай-ақ олардың мемлекеттiк қызметтi өткеру шарттары мемлекеттiк қызмет туралы, еңбек туралы заңнамамен, осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
18. Есеп комитетiнiң Төрағасы Есеп комитетi құзыретiнiң шегiнде бақылау iс-шараларын жүргiзуге қатысуға хақылы Есеп комитетi аппараты қызметкерлерiнiң шеңберiн айқындайды.
19. Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерi бақылау нәтижелерiн бұрмалағаны, мемлекеттiк органдарға беретiн және жария түрде берiлетiн ақпараттың дұрыстығы, заңда белгiленген құпияны жария еткенi, Есеп комитетi Төрағасының және мүшелерiнiң ез құзыретiнiң шегiнде берген тапсырмаларын уақтылы және толық орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
20. Есеп комитетiнiң отырыстарында Есеп комитетiнiң жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, Есеп комитетiнiң Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, мемлекеттiк органдардың басшыларына жолданатын есептерiн, ақпараты мен қорытындыларын даярлау мәселелерi қаралады.
21. Есеп комитетiнiң отырыстарын өткiзу тәртiбi Есеп комитетiнiң регламентiмен бекiтiледi.
22. Есеп комитетiнiң қызметiн ұйымдастырудың iшкi мәселелерi, iс жүргiзу, бақылау iс-шараларын, сараптама-талдау жұмыстарын дайындау және жүргiзу тәртiбi мен республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да мәселелер Есеп комитетiнiң регламентiмен айқындалады.
23. Есеп комитетiнiң қаулысы Есеп комитетiнiң отырысында ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Есеп комитетiнiң қаулысы, егер Есеп комитетi алқа мүшелерi жалпы санының жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Есеп комитетi Төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Есеп комитетiнiң қаулысы оған Төраға қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
24. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерi өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшін:
1) Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы берiлетiн жылдық есептi құрастырады. Есеп комитетiнiң жылдық есебi өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылады;
2) бақылау нәтижелерi жөнiнде актiлер қабылдайды;
3) республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсынымдар жолдайды.
25. Есеп комитетiнiң анықталған келеңсiздiктердi жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларына жiберген қаулылары мен ұсынымдары оларда көрсетiлген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс, егер мерзiмi көрсетiлмесе, онда олар алынған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде қаралуға тиiс.
26. Тиiстi мемлекеттiк орган мен ұйым қаулы және ұсыным бойынша қабылданған шешiмдер мен оны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Есеп комитетiн дереу хабардар етедi.
4. Есеп комитетiнiң мемлекеттiк органдармен және бақылау объектiлерiмен өзара қарым-қатынасы
27. Бақылау объектiлерi Есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыруы кезiнде жәрдемдеседi.
28. Iшкi бақылау жүргiзуге Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар Есеп комитетiне бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау iс-шараларын жүзеге асыру жоспарларын жолдап отырады, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың стандарттарын бекiтуге ұсынады, Есеп комитетiмен бiрге республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүргiзуге шарт негiзiнде тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды тартуды келiседi.
29. Есеп комитетiнiң өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметiне кедергi жасаған лауазымды тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
30. Есеп комитетi шет мемлекеттердiң қаржы бақылау органдарымен және олардың халықаралық бiрлестiктерiмен байланыста болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасуға және халықаралық ұйымдардың құрамына кiруге құқылы.
6. Есеп комитетiнiң жұмысындағы жариялылық
31. Есеп комитетi өзi қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде ақпарат берiп отырады.
32. Есеп комитетi оқтын-оқтын өзi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинақтарын шығаруға не заңнамада белгiленген тәртiппен өзiнiң қызметiн қаржыландыру үшiн көзделген қаражаттың шегiнде осындай жинақтарды шығару туралы өзге де мемлекеттiк органдарға немесе ұйымдарға тапсырмалар беруге құқылы.
33. Есеп комитетi ақпарат берудi мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
34. Есеп комитетi Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлiк қызметiн көрсету жағдайлары бойынша министрдiң лауазымына, ал Есеп комитетi мүшелерінің лауазымдары вице-министрдің лауазымына теңестіріледі.
35. Есеп комитетiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi және көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы жүзеге асырады.