Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 17 мамыр N 872

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының   17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мақсатында, онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру үшін қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін таратсын және оның мүлкін бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.
     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті