Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 17 мамыр N 872

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Z952733_ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Z952688_ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мақсатында, онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру үшін қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін таратсын және оның мүлкін бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 U990188_ Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі туралы ережеде:
     қазақша мәтіндегі 5-тармақтың үшінші абзацында "480090" деген сандар 
өзгеріссіз қалдырылсын;
     27-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен 
толықтырылсын:
     "14-1) лицензиаттың атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайларда 
заңдарға сәйкес Ұлттық Банк берген лицензияларды қайта ресімдеу туралы 
шешімдер қабылдайды.";
     2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің құрылымында:
     "1. Орталық аппарат" деген бөлімде:
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
     "1-1. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті"; 
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-2-жолмен толықтырылсын:
     "5-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаменті";
     реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "12. Халықаралық қатынастар басқармасы";
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
     "12-1. Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі 
басқарма";
     реттік нөмірі 17-жол алынып  тасталсын.
     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.