Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы 2001 жылғы 24 қазан N 713

Жаңартылған
      Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөніндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереже бекітiлсiн.
      3. Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық

қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия 2002 жылғы 1 сәуiрге 
дейiн мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық 
қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
     4. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
    
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Президентiнiң
                                               2001 жылғы 24 қазандағы
                                                   N 713 Жарлығына
                                                      қосымша

            Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және
              бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi
                         мемлекеттiк комиссияның
                               ҚҰРАМЫ
     
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2001.12.16. N 749           
              жарлығымен.  

U010749_

 

     Тоқаев                       - Қазақстан Республикасының 
     Қасымжомарт Кемелұлы           Премьер-Министрі, төраға 
<*>

     
     Мәсімов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Кәрім Қажымқанұлы              Министрінің орынбасары, төрағаның 
                                    орынбасары 
<*>

     
                              Комиссия мүшелерi:

     Адасбаев                     - Қазақстан Республикасының Экономика
     Еркiн Әбенұлы                  және сауда вице-министрi

     Ахметов                      - Ақмола облысының Целиноград ауданы
     Болат Темiрғалиұлы             Оразақ ауылдық округiнiң әкiмi

     Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Жақсылық Ақмырзаұлы            сақтау министрi

     Ермұханов                    - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының
     Әдiлша Мағрұпұлы               әкiмi

     Есiмханов                    - Қазақстан Республикасының Парламенті 
     Сағындық Өлмесекұлы            Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

     Жәмiшев                      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
     Болат Бидахметұлы              вице-министрi

     Жүзенов                      - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау
     Бегiмше Бексұлтанұлы           қаласының әкiмi

     Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм
     Бақытжан Тұрсынұлы             және ғылым бiрiншi вице-министрi

     Қосмамбетов                  - Қазақстан Республикасының Парламенті 
     Төлебек Қосмамбетұлы           Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

     Котенко                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Наталья Леонидовна             Министрi Кеңсесi Экономикалық
                                    бөлiмiнiң меңгерушiсi

     Мамин                        - Қазақстан Республикасының Көлiк 
     Асқар Ұзақбайұлы               және коммуникациялар вице-министрi

     Мусина                       - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Лилия Сәкенқызы                шаруашылығы вице-министрi

     Омарбаев                     - Алматы облысы Талғар ауданының
     Кенжебек Омарбайұлы            әкiмі

     Өтембаев                     - Қазақстан Республикасы Президентi
     Ержан Әбiлхайырұлы             Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары

     Шүкеев                       - Қостанай облысының әкiмi
     Өмiрзақ Естайұлы
     
     Әйімбетов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Сейітсұлтан Сүлейменұлы        Министрінің Кеңсесі Басшысының 
                                    орынбасары 
<*>

     
     Ахметов                      - Павлодар облысының әкімі 
<*>

     Даниал Кенжетайұлы 
     
     Бейсембетов                  - Қазақстан Республикасының 
     Ескендір Қалыбекұлы            Стратегиялық жоспарлау жөніндегі 
                                    агенттігінің төрағасы 
<*>

     
     Есенбаев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы 
     Мәжит Төлеубекұлы              министрі 
<*>

     
     Кәкімжанов                   - Қазақстан Республикасының 
     Зейнолла Халидоллаұлы          Мемлекеттік кіріс министрі 
<*>

     
     Қарағұсова                   - Қазақстан Республикасының Еңбек 
     Гүлжан Жанпейісқызы            және халықты әлеуметтік қорғау 
                                    министрі 
<*>

     
     Қосжанов                     - Қазақстан Республикасының 
     Төрехан Бекболұлы              Президенті Әкімшілігінің 
                                    Әлеуметтік-экономикалық талдау 
                                    бөлімі меңгерушісінің орынбасары 
<*>

     
     Көшербаев                    - Батыс Қазақстан облысының әкімі 
<*>

     Қырымбек Елеуұлы 
     
     Омаров                       - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 
     Нұрлан Срайылұлы               орынбасары 
<*>

     
     Рогов                        - Қазақстан Республикасының Әділет 
     Игорь Иванович                 министрі 
<*>

     
     Тұрысбеков                   - Қазақстан Республикасының 
     Зауытбек Қауысбекұлы           Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 
                                    агенттігінің төрағасы 
<*>

     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Президентінiң
                                               2001 жылғы 24 қазандағы
                                                   N 713 Жарлығымен
                                                      БЕКIТIЛГЕН

              Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру
           және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi
                       мемлекеттiк комиссия туралы
                                  ЕРЕЖЕ

                           1. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

                 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру саласында тиiмдi шешiмдердi талдап-жасау және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру болып табылады.
      4. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында оңтайлы бөлу жөнiнде;
      2) мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiнде;
      3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде шешiмдер қабылдауда үлкен дербестік беру бөлiгiнде мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жөнiнде;
      4) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң қызмет саласын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.

                          3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Комиссияның міндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша

бiрiншi басшыларды, ал олар болмағанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 
бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырысына 
шақыруға және тыңдауға;
     4) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және 
ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

             4. Комиссияны қалыптастыру тәртiбi және оның қызметi

     6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынысы бойынша 
Қазақстан Республикасының Президентi құрады.
     Комиссияның құрамына:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi;
     Парламент депутаттары (келiсiм бойынша);
     мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың 
орынбасарлары;
     жекелеген облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар 
қалалардың, аудандардың әкiмдерi кiредi.
     Комиссияның құрамына қажет болған жағдайда басқа да тұлғалар 
енгізілуі мүмкін.
     7. Комиссияның органдары:
     1) Комиссияның төрағасы;
     2) Комиссия төрағасының орынбасары;
     3) хатшылық.


      8. Комиссияның жұмыс органы ретiнде хатшылықтың функциясы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегi агенттiгiне жүктеледi.
      9. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыру жөнiнде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.
      10. Комиссияның отырысы айына кемiнде 1 рет өткiзiледi.
      11. Комиссияның мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өзiнiң өкiлеттіктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдаған кезде тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      13. Комиссия отырыстары күн тәртiбiнiң мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындылары көрсетiле отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi. Комиссия қабылдаған шешiм Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, мәжiлiстiң хаттамасына қосылып тiркелетiн ерекше пiкiрiн жазбаша түрде айтуға құқығы бар.
      14. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында

қабылдаған шешiмдерiн барлық мемлекеттiк органдар көрсетiлген мерзiмде 
мiндеттi түрде қарауға және орындауға тиiс.
     15. Хатшылықтың функциялары Комиссия отырыстарына материалдар 
дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне жiберiп отыру, Комиссия отырыстарының 
хаттамаларын дайындау, Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша 
орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен 
өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

                      5. Комиссияның қызметiн тоқтату

     16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға:
     1) Комиссияға жүктелген мiндеттемелердi орындауы;
     2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Комиссияның қызметiн тоқтату 
туралы шешiм қабылдауы негiз болып табылады.
     17. Осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн 
тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған кезде, Қазақстан 
Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне 
жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi. 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.