Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 2001 жылғы 24 қазан N 713

Жаңартылған

      Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереже бекітiлсiн.

      3. Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 972 жарлығымен.

      4. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң     
2001 жылғы 24 қазандағы 
N 713 Жарлығына    
қосымша       

      ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 972 жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2003 жылғы 04 тамыздағы N 1159 жарлығымен.

Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi
ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның

ҚҰРАМЫ
 
  Мұхамеджанов            - Қазақстан Республикасы Президенті
      Бауыржан Әлімұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                                төраға

      Жұмабеков               - Қазақстан Республикасының Әділет
      Оңалсын Исламұлы          министрі, төрағаның орынбасары,

     
      Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Экономика
      Қайрат Нематұлы           және бюджеттік жоспарлау министрі,
                                төрағаның орынбасары
 

      Комиссияның мүшелерi :

      Ахметов                        - Павлодар облысының әкiмi
      Даниал Кенжетайұлы
     
      Есiмханов                      - Қазақстан Республикасының
      Сағындық Өлмесекұлы              Парламентi Сенатының депутаты

 

      Қосжанов                       - Қазақстан Республикасы
      Төрехан Бекболұлы                Президентi
                                       Әкiмшілігінiң Әлеуметтiк-
                                       экономикалық талдау бөлiмi
                                       меңгерушiсiнiң орынбасары

      Котенко                        - Қазақстан Республикасы
      Наталья Леонидовна               Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                                       Экономика бөлiмiнiң
                                       меңгерушiсi

      Котлов                         - Қазақстан Республикасы
      Андрей Николаевич                Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                                       Басшысының орынбасары

      Көшербаев                      - Батыс Қазақстан облысының
      Қырымбек Елеуұлы                 әкiмi

      Омарбаев                       - Алматы облысы Талғар
      Кенжебек Омарбайұлы              ауданының әкiмi

      Омаров                         - Шығыс Қазақстан облысы
      Нұрлан Срайылұлы                 әкiмiнiң орынбасары

      Тұрысбеков                     - Қазақстан Республикасы
      Зауытбек Қауысбекұлы             Мемлекеттiк қызмет iстерi
                                       жөнiндегі агенттігiнiң
                                       төрағасы

      Шүкеев                         - Қостанай облысының әкiмi
      Өмiрзақ Естайұлы

Ахметов               - Ақмола облысы Целиноград ауданы
Ғабдол Есенбекұлы       Романов селолық округінің әкімі,

Ахметова              - Қазақстан Республикасы Президенті
Инна Маликовна          Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің
                        сектор меңгерушісі,

Әзірханов             - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының
Басшы Айнажақанұлы      әкімі,

Байзатов              - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Әбілсейітұлы     Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау
                        бөлімі меңгерушісінің орынбасары,

Бексұлтанов           - Қарағанды қалалық мәслихатының
Құдайберген             хатшысы (келісім бойынша),
Бексұлтанұлы

Божанова              - Қызылорда облыстық мәслихатының
Алмагүл Божанқызы       хатшысы (келісім бойынша),

Веснин                - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Виктор Николаевич       Мәжілісі депутаты (келісім бойынша),

Жұмжаев               - Оңтүстік Қазақстан облысы
Ғалым Құралбекұлы       Шымкент қаласының әкімі,

Қарашолақов           - Жамбыл облысы Меркі ауданының
Бағлан Жиенәліұлы       әкімі,

Мигаль                - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау
Анатолий Игнатьевич     ауданы Арықбалық селолық округінің
                        әкімі,

Мырзахметов           - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асқар Исабекұлы         шаруашылығы бірінші вице-министрі,

Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Мүсірәлі Смайылұлы      Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
                        комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Чиркалин              - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Иван Федорович          Мәжілісі Экономикалық реформа және
                        аймақтық даму жөніндегі комитетінің
                        төрағасы (келісім бойынша),

Шапауова              - Атырау облысы Махамбет ауданы
Талшын Ғинаятқызы       Сартоғай селолық округінің әкімі
 

Қазақстан Республикасы  
Президентінiң     
2001 жылғы 24 қазандағы  
N 713 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi
ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.

      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы  және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату саласында тиiмдi шешiмдердi талдап-жасау және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.

      4. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында оңтайлы бөлу жөнiнде;
      2) мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiнде;
      3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде шешiмдер қабылдауда үлкен дербестік беру бөлiгiнде мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жөнiнде;
      4) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң қызмет саласын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Комиссияның міндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бiрiншi басшыларды, ал олар болмағанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға;
      4) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

4. Комиссияны қалыптастыру тәртiбi және оның қызметi

      6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады.
      Комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi;
      Парламент депутаттары (келiсiм бойынша);
      мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары;
      жекелеген облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкiмдерi кiредi.
      Комиссияның құрамына қажет болған жағдайда басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.

      7. Комиссияның органдары:
      1) Комиссияның төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) хатшылық.

      8. Комиссияның жұмыс органы ретiнде хатшылықтың функциясы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 972 жарлығымен.

      9. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыру жөнiнде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.

      10. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 972 жарлығымен.

      11. Комиссияның мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өзiнiң өкiлеттіктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдаған кезде тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

      13. Комиссия отырыстары күн тәртiбiнiң мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындылары көрсетiле отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi. Комиссия қабылдаған шешiм Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, мәжiлiстiң хаттамасына қосылып тiркелетiн ерекше пiкiрiн жазбаша түрде айтуға құқығы бар.

      14. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылдаған шешiмдерiн барлық мемлекеттiк органдар көрсетiлген мерзiмде мiндеттi түрде қарауға және орындауға тиiс.

      15. Хатшылықтың функциялары Комиссия отырыстарына материалдар айындау, оларды Комиссия мүшелерiне жiберiп отыру, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға:
      1) Комиссияға жүктелген мiндеттемелердi орындауы;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауы негiз болып табылады.

      17. Осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған кезде, Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi.