Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы 2001 жылғы 24 қазан N 713

Жаңартылған
    Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын. <*>
      2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереже бекітiлсiн. <*>
      3. Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссия 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру

тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. 
<*>

     4. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002    
              жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.  

U020804_

 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
    
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Президентiнiң
                                               2001 жылғы 24 қазандағы
                                                   N 713 Жарлығына
                                                      қосымша 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы             
              Президентiнiң 2002 жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен.
               

U020804_

 

         Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi
             ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру
               мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның
                                ҚҰРАМЫ


     Тасмағамбетов                  - Қазақстан Республикасының
     Иманғали Нұрғалиұлы              Премьер-Министрi, төраға

     Мұхаметжанов                   - Қазақстан Республикасы
     Бауыржан Әлiмұлы                 Премьер-Министрiнiң Орынбасары,
                                      төрағаның орынбасары

     Павлов                         - Қазақстан Республикасы
     Александр Сергеевич              Премьер-Министрiнiң Орынбасары - 
                                      Қазақстан Республикасының
                                      Қаржы министрi, төрағаның
                                      орынбасары

                         Комиссияның мүшелерi:

     Ахметов                        - Ақмола облысының Целиноград
     Болат Темiрғалиұлы               ауданы Оразақ ауылдық округінiң
                                      әкiмi

     Ахметов                        - Павлодар облысының әкiмi 
     Даниал Кенжетайұлы   

     Бейсембетов                    - Қазақстан Республикасы
     Ескендiр Қалыбекұлы              Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
                                      агенттiгінiң төрағасы

     Досқалиев                      - Қазақстан Республикасының
     Жақсылық Ақмырзаұлы              Денсаулық сақтау министрi
   
     Ермұханов                      - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының 
     Әдiлша Мағрұпұлы                 әкiмi
 
     Есенбаев                       - Қазақстан Республикасының  
     Мәжит Төлеубекұлы                Экономика және сауда министрi
  
     Есiмханов                      - Қазақстан Республикасының
     Сағындық Өлмесекұлы              Парламентi Сенатының депутаты

     Жүзенов                        - Оңтүстiк Қазақстан облысы
     Бегімше Бексұлтанұлы             Кентау қаласының әкiмi

     Кәкiмжанов                     - Қазақстан Республикасының
     Зейнолла Халидоллаұлы            Мемлекеттiк кiрiс министрi

     Қарағұсова                     - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Гүлжан Жанпейiсқызы              және халықты әлеуметтік қорғау
                                      министрi

     Ким                            - Қазақстан Республикасының
     Георгий Владимирович             Әділет министрi

     Қосжанов                       - Қазақстан Республикасы Президентi
     Төрехан Бекболұлы                Әкiмшілігінiң Әлеуметтiк-
                                      экономикалық талдау бөлiмi
                                      меңгерушiсiнiң орынбасары

     Қосмамбетов                    - Қазақстан Республикасының
     Төлебек Қосмамбетұлы             Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
  
     Котенко                        - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Наталья Леонидовна               Министрiнiң Кеңсесi Экономика
                                      бөлiмiнiң меңгерушiсi

     Котлов                         - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Андрей Николаевич                Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
                                      орынбасары

     Көшербаев                      - Батыс Қазақстан облысының әкiмi 
     Қырымбек Елеуұлы 

     Мырзахметов                    - Қазақстан Республикасының Көлiк
     Абылай Исабекұлы                 және коммуникациялар министрi

     Омарбаев                       - Алматы облысы Талғар ауданының
     Кенжебек Омарбайұлы              әкiмi

     Омаров                         - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 
     Нұрлан Срайылұлы                 орынбасары
 
     Тұрысбеков                     - Қазақстан Республикасы 
     Зауытбек Қауысбекұлы             Мемлекеттiк қызмет iстерi
                                      жөнiндегі агенттігiнiң төрағасы

     Өтембаев                       - Қазақстан Республикасы
     Ержан Әбiлхайырұлы               Президентiнiң Әкiмшілiгі
                                      Басшысының орынбасары

     Шүкеев                         - Қостанай облысының әкiмi
     Өмiрзақ Естайұлы 

     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Президентінiң
                                               2001 жылғы 24 қазандағы
                                                   N 713 Жарлығымен
                                                      БЕКIТIЛГЕН

              Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi     
            ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi    
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
                                  ЕРЕЖЕ

                           1. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002
               жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен. U020804_
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

                 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату саласында тиiмдi шешiмдердi талдап-жасау және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002
               жылғы 9 ақпандағы N 804 Жарлығымен. U020804_
      4. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында оңтайлы бөлу жөнiнде;
      2) мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiнде;
      3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде шешiмдер қабылдауда үлкен дербестік беру бөлiгiнде мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жөнiнде;
      4) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң қызмет саласын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.

                          3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Комиссияның міндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша

бiрiншi басшыларды, ал олар болмағанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 
бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырысына 
шақыруға және тыңдауға;
     4) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және 
ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

             4. Комиссияны қалыптастыру тәртiбi және оның қызметi

     6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынысы бойынша 
Қазақстан Республикасының Президентi құрады.
     Комиссияның құрамына:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi;
     Парламент депутаттары (келiсiм бойынша);
     мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың 
орынбасарлары;
     жекелеген облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар 
қалалардың, аудандардың әкiмдерi кiредi.
     Комиссияның құрамына қажет болған жағдайда басқа да тұлғалар 
енгізілуі мүмкін.
     7. Комиссияның органдары:
     1) Комиссияның төрағасы;
     2) Комиссия төрағасының орынбасары;
     3) хатшылық.


      8. Комиссияның жұмыс органы ретiнде хатшылықтың функциясы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегi агенттiгiне жүктеледi.
      9. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыру жөнiнде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.
      10. Комиссияның отырысы айына кемiнде 1 рет өткiзiледi.
      11. Комиссияның мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өзiнiң өкiлеттіктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдаған кезде тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      13. Комиссия отырыстары күн тәртiбiнiң мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындылары көрсетiле отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi. Комиссия қабылдаған шешiм Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, мәжiлiстiң хаттамасына қосылып тiркелетiн ерекше пiкiрiн жазбаша түрде айтуға құқығы бар.
      14. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында

қабылдаған шешiмдерiн барлық мемлекеттiк органдар көрсетiлген мерзiмде 
мiндеттi түрде қарауға және орындауға тиiс.
     15. Хатшылықтың функциялары Комиссия отырыстарына материалдар 
дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне жiберiп отыру, Комиссия отырыстарының 
хаттамаларын дайындау, Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша 
орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен 
өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

                      5. Комиссияның қызметiн тоқтату

     16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға:
     1) Комиссияға жүктелген мiндеттемелердi орындауы;
     2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Комиссияның қызметiн тоқтату 
туралы шешiм қабылдауы негiз болып табылады.
     17. Осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн 
тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған кезде, Қазақстан 
Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне 
жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi. 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.