Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы С.I.Райымбаевтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ә.Т.Жүкеновтің қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2002 жылғы 15 ақпандағы S020001_ қаулысын түсiндiрiп беру туралы" және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi бойынша қосымша қаулы шығару туралы" өтiнiштерiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовтың баяндамасын, қарауға қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2002 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокурорының өтiнiштерi келiп түсiп, олардың ортақ нысаны - Конституциялық Кеңестің бұдан бұрын қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" S020001_ қаулысының кейбiр ережелерiн түсiндiрiп беру жөнiнде өтiнiш бiлдiру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтiнiшi бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы жоғарыда аталған қаулысы соның нәтижесi болатын. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сай, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің қорытынды шешiмiндегi ережелердi түсiндiрiп беру жөнiнде Конституциялық Кеңеске өтiнiш бере алады.
Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 2-тармағына сай, қосымша шешiм бұдан бұрынғы қаулының шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
Кеңес, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 26-бабы 2-тармағына сәйкес, бiр-бiрiмен өзара байланысты өтiнiштердi бiрiктiрiп, қарауға қабылдады.
Конституциялық Кеңес, өтiнiштерде қойылған мәселелер мен келтiрiлген уәждердi талдай келе, мұнда iс жүзiнде, қолданыстағы азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарын (АК-тің K941000_ 158 және 159-баптарын, АIЖК-тiң K990411_ 153, 247 және 249-баптарын) конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың өздерi қалай түсiнсе, Кеңестің құқықтық позициясын да солай өзгерту жөнiндегi өтiнiштерi баяндалады деп тапты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өтiнiшi бойынша қабылданған Конституциялық Кеңес қаулысының шеңберiнен шығатын мәселелер қойылады.
Бiрiнші жағдайда, Жоғарғы Соттың өтiнiшiне сай, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің K941000_ 158 және 159-баптарын, Азаматтық iс жүргiзу кодексінің K990411_ 153, 247 және 249-баптарын, аралық соттардың шешiмдерiн мемлекеттің тануы және мәжбүрлеп орындауы қатынастарын құқықтық реттеудi толықтыру және өзгерту мақсатында түсiндiру көзделедi. Екiншi жағдайда, Бас прокурордың өтiнiшi бойынша, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің 249-бабы 5) тармақшасын конституциялық емес деп тану ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз тарапынан, Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысының дәлелдеме бөлiгiндегi, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің K990411_ 249-бабы 5) тармақшасына қатысты ереженi Конституциялық Кеңес қалай түсiнетiндiгiн түсiндiрiп беру туралы мәселе қояды.
Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысын қолдануда қиыншылық болу ықтималдығына байланысты, Бас прокурор, сондай-ақ оның қолданылу аясы, атап айтқанда, өзiнің халықаралық шарттарына орай, Қазақстан Республикасы таныған халықаралық немесе шетелдiк арбитраждардың дауларға қатысты шешiмдерi болған жағдайда, оның қолданылу аясы жөнiнде мәселе қояды.
Конституциялық Кеңес конституциялық iс жүргiзу барысында және 2002 жылғы 15 ақпандағы қорытынды қаулыда, аралық соттардың қызметiн құқықтық реттеудiң көлемi мен мағынасын өзгерту де, сондай-ақ олардың шешiмдерiн мемлекеттiң мәжбүрлеп орындауы туралы мәселеде заң шығарушының қарау аясына жататынына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің құзырына кiрмейтiнiне ерекше назар аударған болатын. Азаматтық K941000_ және Азаматтық iс жүргiзу K990411_ кодекстерiнің қолданыстағы нормаларымен белгiленген, Қазақстанның ішіндегi мүлiктiк дауларды аралық соттардың қарауы мен шешуіне берудiң негiздерi мен тәртiбi, Конституциялық Кеңестің қосымша қаулыда түсiндiрме беруiне жатпайды, оларды тек Қазақстан Республикасының Парламентi ғана, Конституциямен және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ Заңмен көзделген тәртiппен өзгерте алады.
Конституциялық Кеңес, Бас прокурордың Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң K990411_ 249-бабы 5) тармақшасын Конституцияға К951000_ сәйкес емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн де қанағаттандыра алмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағына және 78-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес күшiне енгiзiлген заңдардың конституциялылығын соттардың өтiніштерi бойынша және Конституцияның 78-бабымен көзделген реттерде қарайды.
Одан тыс, Жоғарғы Сот пен Бас прокурордың өтiнiштерiнде Конституциялық Кеңестiң алдына, екi өтiнiште де табылып тұрған, құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалу құқығы туралы Конституцияның K951000_ 13-бабы 2-тармағын түсiндiру кезiнде, 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулыдағы "әркiм" ұғымының субъектiлiгiне қатысты әртүрлi оқылуын анықтап беру жөнiнде мәселе қойылады. Бұл орайда Жоғарғы Сот пен Бас прокурор, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өтiнiшi бойынша қабылданған Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысы мен Қостанай облыстық сотының өтiнiшi бойынша қабылданған 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2 S000001_ қаулысының арасында бұл бөлiгiнде қайшылық туындайды деп пайымдайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокурорының уәждерiн қарап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны түсiндiредi. Кеңес, 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2 S000001_ қаулының дәлелдеме бөлiгiнде, Конституцияның K951000_ 78-бабында соттардың Конституциялық Кеңеске жүгiну нысанын, сондай-ақ негiздерi мен тәртiбiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын "адам" және "азамат" ұғымдарын қолданады. Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2 қаулысының дәлелдеме бөлiгiнiң ережесiн Конституцияның 13-бабы 2-тармағына, оның үстiне бүкiл екiншi бөлiмiне көшiру, қисындылық тұрғысынан дәрменсiз әрi негiзсiз болып табылады.
Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 S020001_ және 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2 S000001_ қаулылары бiр-бiрiне қайшы келмейдi. Тиiстi субъектiлердiң Конституциялық Кеңеске жүгiнуi үшiн олардың әртүрлi себептерi болатын. Бiр жағдайда - Конституцияның бiр-бiрiне сәйкес келетiн нормаларын ресми түсiндiру, ал екiншi жағдайда болса - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің арасындағы "Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы үлгi ереженi" P930356_ конституциялық емес деп тану.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:
1. Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысындағы "азаматтар мен заңды тұлғалар" деген терминологиялық тiркес, "азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар" деген мағынасында пайдаланылады, деп түсiндiрiлсiн.
2. Конституциялық Кеңес, жоғарыда аталған, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң K990411_ 249-бабы 5) тармақшасы туралы сөз болатын қаулының дәлелдеме бөлiгiнде, дауды аралық соттың шешуiне беру туралы шарт жасасқан, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар үшін мемлекеттiк сотқа жүгiнудің осы нормасымен белгiленген тәртiбiн көздегенi атап өтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 S020001_ қаулысының қолданылу аясына, халықаралық және шетелдiк арбитраждардың шешiмдерiн тану және орындау қатынастары жатпайды, олар үшiн мұндай тәртiп Қазақстан Республикасының заңымен немесе бекiтiлген халықаралық шарттарымен өзара келiсiм негiзiнде көзделген.
4. Осы қаулы түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_ 73-бабы 4-тармағымен көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешiмiне сол бәз-бiр конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың қайтара өтiнiш беруi заңмен көзделмеген. Конституциялық Кеңестің қорытынды қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөлiп алғысыз және онымен бiр мезгiлде қолданылады. 5. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Жаршысында" жариялансын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.