Қостанай облыстық сотының "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ережені" конституциялық емес деп тану туралы өтінімі жөнінде

Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі 2000 жылғы 16 ақпан N 1/2

      Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келісімді (бұдан әрі - Заем) тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына 7 103 000 (жетi миллион жүз үш мың) АҚШ доллары мөлшерiнде Заем қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен 1 100 000 (бiр миллион жүз мың) АҚШ долларына тең мөлшерде қоса қаржыландыру қаражатын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн жауапкершiлiк жүктелсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 9 397 000 (тоғыз миллион үш жүз тоқсан жетi мың) АҚШ доллары мөлшерiнде Заем қаражатын республикалық бюджеттен 900 000 (тоғыз жүз мың) АҚШ долларына тең мөлшерде ортақ қаржыландыру қаражатын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн жауапкершiлiк жүктелсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.26. N 279
               қаулысымен. P010279_
      2. Заем бойынша салықтардан және кеден төлемдерінен босату Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Заемды іске асыруға қатысушы консультанттардың (резиденттердің және резидент еместердің), сондай-ақ ұйымдардың (резиденттердің және резидент еместердің) табыстары Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы жасасқан Табыстарға қоса салық салуды болдырмау жөніндегі конвенциялардың (Келісімдердің) ережелеріне сәйкес салық салуға жатады.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Заемды қоса қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен 2 000 000 (екі миллион) АҚШ долларына баламды мөлшерде қаражат бөлуді көздесін;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің ережелері мен

 

рәсімдеріне сәйкес Заемды іске асыруды жалпы үйлестіруді және Заем

қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарларды, қызмет көрсетулерді және

жұмыстарды сатып алуды жүргізуді бақылауды жүзеге асырсын;

     3) Заем бойынша негізгі қарыздың, проценттердің және ілеспе

төлемдердің уақытылы өтелуін бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.