Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімі.

Жаңартылған

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 30.11.2023 № 189-ө өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Инвестициялар тарту кеңесі (инвестициялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 30.11.2023 № 189-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес туралы ереже;

      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.


      Премьер-Министр      А. Мамин


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген

Инвестициялар тарту кеңесі (инвестициялық штаб) туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 30.11.2023 № 189-ө өкімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялар тарту кеңесі (инвестициялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады, ол Кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына алты реттен сиретпей өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын және инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

      2) Үкімет басшылығы деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарау болып табылады.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген

Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штабтың) құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 30.11.2023 № 189-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау қызметі бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)