Инвесторларды тарту мәселелері жөнінде кеңес (инвестициялық штаб) құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімі.

Жаңартылған

      Инвесторларды тарту мәселелері жөнінде кеңес (инвестициялық штаб) құру туралы


      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Инвесторлар тарту мәселелері жөніндегі кеңес (инвестициялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес туралы ереже;

      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.


      Премьер-Министр      А. Мамин


  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  2021 жылғы 19наурыздағы
  № 64-ө өкімімен
  бекітілген

Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңес туралы (инвестициялық штаб) ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңес (инвестициялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады, ол Кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, жылына кемінде алты рет өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында пысықталатын және инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

      2) Үкімет басшылығы деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарау болып табылады.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  2021 жылғы 19наурыздағы
  № 64-ө өкімімен
бекітілген

Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңестің (инвестициялық штабтың) құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Aстана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).