Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10-ө өкімі.

Жаңартылған

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Ведомствоаралық комиссия 2020 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кұрамы

      Ескерту. Комиссияның кұрамына өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 14.02.2020 № 28-ө өкімімен.

1.

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы

2.

Біртанов
Елжан Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, басшының орынбасары

3.

Бекшин
Жандарбек Мұхтарұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

4.

Қожаев
Марат Шадетқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

5.

Нұрышев
Шахрат Шакизатұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

6.

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

7.

Камалиев
Берік Сайлауұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

8.

Бисақаев
Өркен Серікқалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

9.

Дәуленов Мирас Мұхтарұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

10.

Ділманов
Дархан Айтқалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша)

11.

Сұлтанғазиев
Марат Елеусізұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

12.

Баталов
Амандық Ғаббасұлы

-

Алматы облысының әкімі

13.

Ахметов
Даниал Кенжетайұлы

-

Шығыс Қазақстан облысының әкімі