"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 28-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы".

      Премьер-Министр А. Мамин