1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Ведомствоаралық комиссия 2020 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.
4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кұрамы
1. |
Сапарбаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы |
2. |
Біртанов | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, басшының орынбасары |
3. |
Бекшин | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
4. |
Қожаев | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары |
5. |
Нұрышев | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
6. |
Шолпанқұлов | - | Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі |
7. |
Камалиев | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі |
8. |
Бисақаев | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі |
9. | Дәуленов Мирас Мұхтарұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
10. |
Ділманов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша) |
11. |
Сұлтанғазиев | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
12. |
Баталов | - | Алматы облысының әкімі |
13. |
Ахметов | - | Шығыс Қазақстан облысының әкімі |