Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімі.

Жаңартылған

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 38-ө өкiмiмен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 23.10.2018 № 131-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 38-ө өкiмiмен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылықа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      2) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.