"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген екіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның кұрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары"
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |