Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Комиссия құрылсын.)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкімімен бекітілген |
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.09.2019 № 174-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.05.2021 № 93-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор
"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры
"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Қалиев | - | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша) |
Әбжан | - | "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
Құрманбайұлы | - | "Астана" халықаралық қаржы орталығы Персоналды басқару және жалпы қызметтер департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
Әбуов | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
Әміржанова | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
Әлімхан | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
Аяпова | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша) |
Базарбаева | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы" (келісу бойынша); |
Ерғалиев | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры (келісу бойынша) |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкімімен бекітілген |
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кешіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 152-ө өкімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кешіру жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты қазақ әліпбиін латын графикасына кешіру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 26.05.2021 № 93-ө өкімімен.5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.02.2019 № 17-ө өкімімен.2. Комиссияның негізгі міндеті
6. Комиссияның негізгі міндеті:
1) латын графикасына кешу кезінде туындайтын проблемалар мен қиындықтарды анықтау мақсатында латын графикасына кешкен елдердің тәжірибесін зерделеу және талдау нәтижесі;
2) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру;
3) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кешірудің тәсілдерін айқындау;
4) мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру;
5) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, этностардың тілдерін сақтау, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру;
6) тілдерді дамыту мен қолдануға бағытталған нысаналы мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың жобаларын қарау;
7) бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.