"Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 174-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 27.10.2022 № 176-ө өкімімен.

      "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 17 қыркүйектегі
174-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

      "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

      "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры

      "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

Сайыров
Ерлан

-

"Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Қалиев
Талғат Бегімұлы

-

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

Әбжан
Хангелді Махмұтұлы

-

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

Құрманбайұлы
Шерубай

-

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Персоналды басқару және жалпы қызметтер департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

Әбуов
Жұмағали

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы

Әміржанова
Назира Серікқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Әлімхан
Жүнісбек

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы

Аяпова
Таңат

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы

Базарбаева
Зейнеп Мүслімқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы