Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы 153-ө өкімі.

Жаңартылған

      Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Комиссия құрылсын.)

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ұлттық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.09.2018 № 122-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)

Әшімбаев
Мәулен Сағатханұлы

-

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша),

Қарин
Ерлан Тынымбайұлы

-

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қыдырәлі
Дархан Қуандықұлы

-

"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Омаров
Асқар Қуанышұлы

-

"Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры (келісім бойынша)

Сайыров
Ерлан

-

"Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

Әбдіғали
Берік

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Қасиетті Қазақстан" өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі

Қалиев
Талғат Бегімұлы

-

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Сыдықов
Ерлан Батташұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Мұтанов
Ғалымқайыр Мұтанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Тілешов
Ербол Ердембекұлы

-

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік ,қоғамының атқарушы директоры";

Қажыбек
Ерден Задаұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының докторы

Әбуов
Жұмағали

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әміржанова
Назира Серікқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының белім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Аяпова
Таңат

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әлімхан
Жүнісбек

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері

Құлкенов
Мереке Әбдешұлы

-

"Өлке" баспа үйі" ЖШС директоры (келісім бойынша)

Жақыпов
Бауыржан Өміржанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ректорының кеңесшісі




Есім
Ғарифолла

-

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор;

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

2. Комиссияның негізгі міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) латын графикасына көшу кезінде туындайтын проблемалар мен қиындықтарды анықтау мақсатында латын графикасына көшкен елдердің тәжірибесін зерделеу және талдау;

      2) қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру;

      3) қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің тәсілдерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.