Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімі.

Жаңартылған

      Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2019 № 221-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерінің орынбасарлары.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
  бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның ережесі туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 60-ө өкімімен.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 60-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік органдардың дін саласындағы қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.