Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімі.

Жаңартылған

      Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамы туралы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 29.03.2017 № 39; 26.01.2018 № 8-ө; 17.04.2019 № 60-ө өкімдерімен; 13.12.2019 № 925 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
  бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның ережесі туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 60-ө өкімімен.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 60-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік органдардың дін саласындағы қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.