"Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 221-ө өкімі

      "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 29 қарашадағы
№221-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерінің орынбасарлары.