Нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі – Ведомствоаралық штаб) құрылсын.
2. Ведомствоаралық штабтың қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш ай мерзімде Ведомствоаралық штаб туралы ережені әзірлесін және бірлескен бұйрықпен бекітсін.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтар құру ұсынылсын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 129-ө өкімімен
құрылған
Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2016 № 118-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары