Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө Өкімі

Жаңартылған

      Нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі – Ведомствоаралық штаб) құрылсын.
      2. Ведомствоаралық штабтың қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш ай мерзімде Ведомствоаралық штаб туралы ережені әзірлесін және бірлескен бұйрықпен бекітсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтар құру ұсынылсын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 129-ө өкімімен    
құрылған        

Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі
ведомствоаралық штабтың
құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.05.08 93-ө Өкімімен.

Қасымов                       - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      министрі, төраға

Выборов                       – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Анатолий Николаевич             министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы
                                күрес және есірткі айналымын бақылау
                                комитетінің төрағасы, төрағаның
                                орынбасары

Айтжанов                      – Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дәулет Рымтайұлы                қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                                қарсы күрес агенттігі төрағасының
                                орынбасары (қаржы полициясы)
                                (келісім бойынша)

Байжүнісов                    – Қазақстан Республикасының Денсаулық
Эрик Әбенұлы                    сақтау вице-министрі

Әмрин                         – Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғұсман Кәрімұлы                 қауіпсіздік комитеті төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша)

Омаров                        - Қазақстан Республикасы Спорт және
Мұрат Ескелдіұлы                дене шынықтыру істері агенттігі
                                төрағасының орынбасары

Қырықбаев                     - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы                және ақпарат вице-министрі

Ержанов                       - Қазақстан Республикасы Қаржы
Аманияз Қасымұлы                министрлігі Кедендік бақылау комитеті
                                төрағасының орынбасары

Қожахмет                      – Қазақстан Республикасы Білім және
Мадияр Дүйсенбайұлы             ғылым министрлігі Жастар саясаты
                                департаментінің директоры

Садықов                       – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы               министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                                департаментінің директоры

Сүйіндіков                    – Қазақстан Республикасы Бас
Нұрдәулет Мықтыбекұлы           прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық
                                саладағы заңдылықты қадағалау
                                департаментінің басқарма бастығы
                                (келісім бойынша)

Дәндібаев                     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Тимур Тұрарұлы                  министрлігі Әскери полиция бас
                                басқармасының бастығы