Нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі – Ведомствоаралық штаб) құрылсын.
2. Ведомствоаралық штабтың қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш ай мерзімде Ведомствоаралық штаб туралы ережені әзірлесін және бірлескен бұйрықпен бекітсін.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтар құру ұсынылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 129-ө өкімімен
құрылған
Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі
ведомствоаралық штабтың
құрамы
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы министрі, төраға
Выборов – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Анатолий Николаевич министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы
күрес және есірткі айналымын бақылау
комитетінің төрағасы, төрағаның
орынбасары
Айтжанов – Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дәулет Рымтайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі төрағасының
орынбасары (қаржы полициясы)
(келісім бойынша)
Байжүнісов – Қазақстан Республикасының Денсаулық
Эрик Әбенұлы сақтау вице-министрі
Мизанбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық
Өсер Елеусізұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Омаров – Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы спорт вице-министрі
Оразов – Қазақстан Республикасының Байланыс
Нұрай Нұрғожаұлы және ақпарат вице-министрі
Телебаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі
Оспанов – Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Қожахмет – Қазақстан Республикасы Білім және
Мадияр Дүйсенбайұлы ғылым министрлігі Жастар саясаты
департаментінің директоры
Садықов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
департаментінің директоры
Сүйіндіков – Қазақстан Республикасы Бас
Нұрдәулет Мықтыбекұлы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық
саладағы заңдылықты қадағалау
департаментінің басқарма бастығы
(келісім бойынша)
Кәрімов – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Абзал Балықбайұлы Әскери полиция Бас басқармасының
бастығы