1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзімде мемлекеттік мүлік бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілерді Заңға сәйкес келтірсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) бір ай мерзімде Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және бекітсін;
2) Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзімде мемлекеттік мүлік бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілерді Заңға сәйкес келтірсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігін хабардар етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы F.P. Әбдірахымовқа жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 49-ө өкімімен
бекітілген
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің
2012.04.09 № 71-ө, 2012.07.27 № 134-ө Өкімімен.
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, мемлекеттік органдар |
2011 жылғы сәуір |
2. |
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
3. |
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
4. |
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, БҒМ, БАМ, ҰҒА, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
5. |
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинактау), Қаржымині, АШМ, БҒМ, БАМ, ҰҒА, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылғы тамыз |
7. |
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, мемлекеттік органдар |
2011 жылғы сәуір |
8. |
Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, мемлекеттік органдар |
2012 жылғы желтоқсан |
9. |
Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығына ие болуы қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
10. |
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлкі реквизицияланбайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ (жинақтау), СІМ |
2011 жылғы сәуір |
11. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2011 жылғы сәуір |
12. |
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), СІМ |
2011 жылғы сәуір |
13. |
Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатпайтын мүлкінің тізбесі мен нормативтерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
14. |
Жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланатын, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшін ұсынылған мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині |
2011 жылғы сәуір |
15. |
Реквизицияланатын мүліктің құнын бағалау және оның мемлекет өтейтін мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині (жинақтау), ТЖМ |
2011 жылғы сәуір |
16. |
Мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдарға қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікке қатысты ақпарат беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (құпия) |
Қорғанысмині (жинақтау), СА, Әділетмині, ІІМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері |
2011 жылғы сәуір |
17. |
Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
18. |
Республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
19. |
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
20. |
Дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде физикалық немесе моральдық тозу салдарынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
21. |
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині |
2011 жылғы сәуір |
22. |
Мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын (жалпы ережесін) бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині (жинақтау), Қаржымині |
2011 жылғы сәуір |
23. |
Жұмыс істемей тұрған мемлекеттік авариялық кеніштер мен көмір кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2013 жылғы желтоқсан |
24. |
Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), мемлекеттік органдар |
2011 жылғы сәуір |
25. |
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
26. |
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ (жинақтау), БҒМ, ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
27. |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), БҒМ, ДСМ |
2011 жылғы сәуір |
28. |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), БҒМ, ДСМ |
2011 жылғы сәуір |
29. |
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
30. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині |
2011 жылғы тамыз |
31. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша) |
2011 жылғы тамыз |
32. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша) |
2011 жылғы тамыз |
33. |
Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
34. |
Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2012 жылғы желтоқсан |
35. |
Мемлекеттік мүліктің тізіліміне деректер берудің нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, Әділетмині, мемлекеттік органдар |
2012 жылғы желтоқсан |
36. |
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
37. |
Мемлекеттік мүліктің мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру және артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині |
2012 жылғы маусым |
38. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині (жинақтау), ІІМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы тамыз |
39. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2011 жылғы қараша |
40. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2011 жылғы тамыз |
41. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2011 жылғы тамыз |
42. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2011 жылғы тамыз |
43. |
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
44. |
Мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін есепке алу объектілерінің деректерін енгізу тәртібін және мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу мерзімін бекіту туралы |
Бұйрық |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ |
2012 жылғы желтоқсан |
45. |
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау стандартын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2011 жылғы сәуір |
46. |
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
47. |
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы |
Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулылары |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2011 жылғы сәуір |
48. |
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы |
Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері |
2011 жылғы сәуір |
49. |
Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы |
Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері |
2011 жылғы сәуір |
50. |
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері туралы |
Әкімдіктердің қаулылары |
Әкімдіктер |
2011 жылғы сәуір |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы